» » «Медиация- дау мұраты біту»

«Медиация- дау мұраты біту»

2011 жылдың 28 қаңтарында Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңы қабылданды. Бұл Заң Қазақстан Республикасында медиацияны ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді оны жүргізу қағидаттары мен рәсімін, сондай-ақ медиаторлардың мәртебесін айқындайды. «Медиация» сөзі латын тілінен аударғанды делдал, екі тарапты мәмілеге келтіруші үшінші тұлға деген мағынаны білдіреді. Медиация тәсілі сот жүйесіндегі тазалықты, әділ төрелікті қамтамасыз етудің бірден- бір жолы болмақ, яғни, тарапты қанағаттандыру негізінде жүргізілген келіссөз рәсімі. Медиация деген сөздің мағынасын екі жақты татуластыру рәсімі деп түсіндіруге болады.
Қысқаша айтқанда, медиация кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс екенін анықтауға емес, өзара тиімді шешімді табуға бағытталған. Яғни, жанжалдасушы тараптар сотқа дейін де, сот барысында да кәсіби бітімгерге жүгінеді. Ол дауды тыңдаған соң, тиімді шешімді ұсынады.
Медиатор қызметі кәсіби де, кәсіби емес негізде жүзеге асырылады. Жоғары білімі бар, 25 жасқа жеткен, Қазақстан Республикасының Медиаторлар ассоциясынан /одағынан/ арнайы оқығандығын растайтын сертификаты бар тұлғалар кәсіби медиатор бола алады. Ал 40 жасқа толған азаматтар кәсіби емес медиатор бола алады. Кәсіпқойлар тізімін / тізілімін/ Ассоциация жасайды, ал кәсіби емес негізінде медиатор болғысы келетіндер тұрғындар жиыны хаттамасының негізінде жергілікті атқару орындарына келуі тиіс. Әрине, мұндай адамар халық алдында кіршіксіз беделге ие болуы тиіс.
Мұнымен қатар, мемлекеттік қызметкерлер, тергеуге алынған қабілет жоқ адамдар, сондай-ақ жазасы өтелмеген немесе сотталғандығы кешірілмеген тұлғалар медиатор бола алмайды.
Медиация туралы келісімге қол жеткізгеннен кейін, егер іс сотта қаралса, ол сотта бейбіт келісім секілді мақұлданады. Дауласушы тараптар медиация туралы келісім- шарт және сотқа дейінгі тәртіппен жанжалды реттеу туралы келісім жасаған жағдайда, келісім дауласушы тараптар оны ерікті түрде орындауға міндеттеледі дегенді білдіреді.
Медиатор- бұл бітімгер. Бұл- қазақ халқының ұлттық болмысына ең жақын ұғым. Түрмесі болмағын іргесі берік қазақ қоғамында небір даулы мәселелерді екі ауыз сөзбен шешкен дуалы ауыз билер болғанын тарихтан жақсы білеміз. Ендеше, сот жүйесіне бітімгерлік тәсілін енгізу қазақ халқының бүкіл әлемге үлгі етерлік шешендігі мен көсемдігін жаңғыртуға жасалған игі қадам деп білеміз.
С.Жалгасбаева.
Қармақшы аудандық сотының бас маманы сот отырысының хатшысы
24 қазан 2018 ж. 2 282 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 041

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031