» » ҚИЯЛҒА ҚАНАТ БІТІРГЕН

ҚИЯЛҒА ҚАНАТ БІТІРГЕН

    Бүгінгі жастар өте белсенді. Оларға қолдау да көп. Осының арқасында жас толқын жаңа ақпараттық технологияның  мүмкіндіктерін тиімді жүзеге асыруға  талпынып келеді. Міне, сондай талантты жастардың бірі – Евгений Демиденко. Ол анимациялық технологиялар көмегімен жаңа идеаларды жүзеге асыруды қолға алып отыр.    Евгений қаладағы «Мұрагер» мектебінің 10-сынып оқушысы. Озық ойлы өреннің үлгерімі өте жақсы. Облыстық және қалалық пәндік олимпиадаларға қатысып, бірнеше мәрте жүлделі орындарға ие болған. Сонымен бірге, облыс орталығында өткен «HACK DAY-2017» идеялар фестивалінің қатысушысы. Үнемі ізденіп жүретін Евгений үш тілді жетік меңгерген. Қазақ тілін балабақшадан біліп шықты. Кейін ағылшын тілін меңгерді, қазір еркін сөйлейді. Ол дәстүрлі түрде жалғасын тауып келе жатқан «Мың бала»  республикалық мәдени-ағартушылық жобасының облыстық байқауына да қатысты. Сонымен бірге «Мерседес бенц» сайтында өткен жарыста бақ сынады. «2020 жылғы көлік түрлері қандай болады?» деген тақырыптағы халықаралық деңгейдегі сайыста 200 мыңнан астам үміткер арасынан Евгенийдің асығы алшысынан түсіп, 4-орынды олжалады. Өз ісінің шеберлері арасынан озық шығу оған сенім сыйлады. Болашақта жобаларын дамытып, тәрбиелік, тарихи мәні бар мультфильмдер  түсіру ойында бар.

    – Менің анимацияға деген қызығушылығым 8-сынып оқып жүргенде басталды. Басты себеп 10-сынып оқушысы Тимур Мұхамеджанов халықаралық деңгейде, яғни Оңтүстік Кореяда өзінің жобасын қорғап келді. Оның жұмысын көріп мен де өзімді сынап көруді жөн санадым. Ең алдымен қарапайым анимациядан бастадым. Мектепте информатика, биология және география пәндерінен өткен іс-шараларға белсенді қатыстым. Бос уақытымның бәрін 4D бағдарламасын меңгеруге арнадым. Осы орайда менің жобаларыма үнемі қолдау білдіріп, көмектесіп отырған ата-анама, ғылыми жетекшіме, ұстаздарыма алғысым шексіз, - дейді ол.
    Жалпы, мультимедиа жүйесінде қозғалыстың әртүрлі кезеңіне сәйкес, кескіндер тізбегін жылдамдата көрсету арқылы қозғалыстағы объектіні экранда бейнелеу тәсілі анимация деп аталады. Анимациямен айналысу оңай жұмыс емес. Оған аса шыдамдылық пен сабырлық қажет. Жақында облыс әкімі «HACK DAY-2017» идеялар фестивалінің қатысушыларымен кездесті. Олардың қатарында Евгений Демиденко да болды. Жиында аймақ басшысы ІТ технологияны меңгеремін деген жасқа қолдау жасалатынын жеткізді. Барлық ұтымды жобаларға маңызды мәселелерге, цифрлы технологияны дамытуға және қолдауға мүмкіндіктер қарастырылатынын атап айтты. Бұл жастардың одан әрі өз жобаларын дамытуға үлкен септігін тигізді.
    Санаулы күндерден кейін Евгений қызылордалық делегациямен Оңтүстік Кореяның астанасы Сеул қаласына жол тартпақ. Пусан қаласындағы технологиялық университетте өз жобаларын халықаралық деңгейде қорғамақ. Биыл талантты өрен алдына біршама жоспар қойды. Оның арманы асқақ, мақсаты биік. Келешекте «Дисней» секілді ірі компания құрып, 3D-4D анимациялық технологиялар көмегімен жаңа идеяларын жүзеге асыруды көздейді.
    Біз де талантты жастың алдағы байқауда еліміздің абыройын асқақтатып қайтарына сенім артамыз.

21 ақпан 2018 ж. 1 045 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 027

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031