» » БОЛАШАҚТЫҢ КАПИТАЛЫ – БІЛІМДІ ҰРПАҚ

БОЛАШАҚТЫҢ КАПИТАЛЫ – БІЛІМДІ ҰРПАҚ

Ел Президенті Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіп­тік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауы білім саласы қызметкерлері арасында қызу қолдау табуда. Өйткені Елбасы өзінің Жолдауындағы жетінші басымдық, яғни «Адами капитал – жаңғыру негізі» бойынша білім берудің жаңа сапасына көп көңіл бөлген.
Білім беру ісінде озық жүйені құру, білім беру бағдарламаларындағы болып жатқан өзгерістерді қолдау, педагогтарды оқыту және олардың біліктілігін арттыру жұмыстарын одан әрі жалғастыру, математика және жаратылыстану бағытындағы пәндерді оқыту сапасын күшейту, тағы басқа да білім саласындағы өзекті мәселелерді өте орынды қозғаған.
Сонымен қатар, қосымша білім беру саласындағы оқушылар үйлерінің базасында барлық қажетті ин­фра­құрылымы бар соңғы үлгідегі компьютерлермен жабдықтау, интернет желісінің ауқымын ке­ңейту қажеттілігі де айтылған. Осы оқушылар үйі базасындағы әр түрлі үйірмеге тартылған оқушыларды ғылыми-зерттеу бағытына тарту жұмысы да алдағы уақытта қолға алынатын болады.
Әрбір оқушының қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуін, тілдерді еркін меңгеруін, келешек Қазақстанның болашағына өзіндік үлес қосатын мамандарды даярлау – бұл да білім саласы қызметкерлерінің бірден бір міндеті екенін атап өткім келеді. 2019 жылдан бастап мектептегі жаратылыстану бағытындағы химия, биология, физика және информатика пәні мұғалімдері өздерінің пәндері бойынша терминологиялық бағытта ағылшын, орыс және қазақ тілінде дәріс береді. Нәтижесінде, барлық түлегіміз елімізде және жа­һандық әлемде өмір сүріп, жұмыс істеуі үшін қажетті деңгейде үш тілді меңгеретін болады.
Орыс тілді мектептер үшін қазақ тілін оқытудың жаңа әдістемесі енгізілуде. Бұған дәлел – ІІІ Интернационал ауылындағы №108 және кент орталығындағы Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейінің орыс сыныптарының оқушылары жылма-жыл пән­дік олим­пиадаға қатысып, қазақ тіліне деген қы­зы­ғушы­лығының басым екенін көрсетуде.
Алдағы уақытта цифрлық білім беру ресурстарын дамыту, кең жолақты интернетке қосу және мектептерімізді видеоқұрылғылармен жабдықтау жұ­мыстарын жалғастыру қажеттілігі де бүгінгі күннің еншісінде. Аудан мектептерінде кәсіптік білім беру бағдарламасы 9, 10 және 11-сыныптарда жүргізіледі. Жолдауда бұл жөнінде өте орынды айтты.
IT технологиясын мектеп базасына енгізу, ауыл мен қала ұстаздарының арасындағы айырма­шы­лық­ты жою, интернет желісінің ауқымын кеңейту, видео­сабақтар мен онлайн режиміндегі сабақтарды ұйым­дастыра отырып, шығармашыл мұғалімдердің озық тәжірибелерін өзара тарату жұмысы да қарқынды дамуда.
Ел Президенті Н.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы білім саласы бойынша қамтылған мәселелердің өте өзекті екенін айта келе, Жолдауды барша білім қызметкерлері болып қолдап, жүзеге асуына үлкен белсенділік танытады.
Жарқын Омаров,
аудандық білім бөлімінің басшысы.
15 ақпан 2018 ж. 1 404 1

JeaCold от 11 наурыз 2019 08:11
How to buy isotretinoin tablets without perscription online How To Buy Hydrochlorothiazide buy propecia Comprar Levitra En Barcelona How Do You Spell Keflex Levitra Ohne Rezept Mieten

PDF нұсқалар мұрағаты

№87 (10352)

02 қараша 2024 ж.

№86 (10351)

29 қазан 2024 ж.

№85 (10350)

25 қазан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 2 852

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930