» » Аудандық сот төрағасымен семинар өтті

Аудандық сот төрағасымен семинар өтті

ЖОСАЛЫ, 29 қараша - qarmaqshy-tany.kz Аудандық сот төрағасы Д.Кентбаев судьялар мен қызметкерлерге «Медиация ерекшелігі» тақырыбында семинар сабағын өткізді.
Төраға Д.Кентбаев өзінің баяндамасында, Медиация – кез келген даулы мәселені бітімгершілікпен шешу, бұл қазіргі сот жүйесіне өте қажетті жолдардың бірі. Бұдан екі тараптың және соттың да жұмысы жеңілдейді. Дұрыс қолдана білсе, екі тарап та ерікті түрде бір мәмілеге келеді. Тіпті, Елбасының өзі де халыққа жариялаған 100 нақты қадамында осыған мән берген. Медиация институты қазақ қоғамына жат емес. Ұлтымыздың тарихында билер институты болған. Адамдар арасында туындаған дау-дамайларды билер, шешендер немесе беделі бар жергілікті ақсақалдар әділ шешіп отырған. Билердің негізгі шешетін мәселесі келген шығынды қалпына келтіріліп, дауласушыларды бітімге жеткізу болып табылатындығын атап өтті.
Төраға "Медиация заңын қолданып, оның ұтымды жақтарын пайдалану болашаққа бет алған өркениетті мемлекетке тән құбылыс", – деп семинар сабағын қорытындылады.

Қармақшы аудандық сотының
баспасөз қызметі
29 қараша 2019 ж. 597 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 072
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 732

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031