Құрылтай
» » "Аймақтар аламаны" Төребай биде

"Аймақтар аламаны" Төребай биде

ЖОСАЛЫ, 20 қараша - qarmaqshy-tany.kz ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы мен Жастар жылы аясында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «АЙМАҚТАР АЛАМАНЫ» атты ауыл өнерпаздарының өнер фестивалі Төребай би ауылында өткізілді.


Фестивальдің шарттары бойынша арнайы жасақталған әділ қазылар алқасы Төребай би ауылы мен Иіркөл ауылының өнерпаздарының өнерлерін сарапқа салды. Нәтижесінде Иіркөл ауылы өнерпаздары жартылай финалға жолдама алды. Фестиваль барысында түрлі жанрлар бойынша танылмай жүрген талантты өнерпаздар сахна төрінен орын алып, Төребай ауылының «Әжелер» ансамблі ерекше өнерімен халыққа танылды. 
Сонымен қатар, аудандық мәдениет үйінің мамандары би, вокал, театр өнері жанрлары бойынша шеберлік сағатын көрсетіп, ауыл жастарының шығармашылығына серпіліс жасады.
20 қараша 2019 ж. 1 155 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 605
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 068

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31