» » "Аймақтар аламаны" Көмекбаевта өтті

"Аймақтар аламаны" Көмекбаевта өтті

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы және 2019 жыл – Жастар жылы аясында Ш.Төлепова атындағы мәдениет үйімен «Қармақшы жастары» ЖҚБ-нің ұйымдастыруымен «АЙМАҚТАР АЛАМАНЫ» атты ауыл өнерпаздарының өнер фестивалі қазанынан құт кетпеген берекелі Көмекбаев ауылында өткізілді.
Фестивалдің шарттары бойынша арнайы жасақталған әділ қазылар алқасы Көмекбаев ауылы мен Қуаңдария ауылының өнерпаздарының өнерлерін сарапқа салды. Нәтижесінде Көмекбаев ауылы өнерпаздары жартылай финалға жолдама алды. Фестиваль барысында түрлі жанрлар бойынша танылмай жүрген талантты өнерпаздар сахна төрінен орын алып, Көмекбаев ауылынан халықтық орындау жанры бойынша Ораз Мұратбаев, «Аналар» ансамблі және Қуаңдария ауылынан аспапта орындау жанры бойынша Әптаев Еркебұлан, «Аналар» ансамблі ерекше өнерімен халыққа танылды. 
Сонымен қатар, аудандық мәдениет үйінің мамандары би, вокал, театр өнері жанрлары бойынша мастер класс көрсетіліп, ауыл жастарының шығармашылығына серпіліс жасады.

11 қараша 2019 ж. 1 163 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№2 (10470)

10 қаңтар 2026 ж.

№1 (10469)

06 қаңтар 2026 ж.

№100 (10468)

31 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 203
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 73

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031