» » Өнер фестивалі өтеді

Өнер фестивалі өтеді


8-22 қараша аралығында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы және 2019 жыл – Жастар жылы аясында аудандық мәдениет үйімен "Қармақшы жастары" ЖҚБ нің ұйымдастыруымен 
«АЙМАҚТАР АЛАМАНЫ» атты ауыл өнерпаздарының өнер фестивалі өткізіледі. Фестивалдің мақсаты елжандылықтың тамыры кіндік қаны тамған жерді, өскен өлкені сүю, оған құрмет таныта білу. Мәдениет, ұлттық дәстүр, рухани ұстаным, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ауыл жастарының шығармашылығына серпіліс жасау. Ауыл мәдениетін көтеру. Өнер саласында жүрген жастарды, танылмай жүрген таланттарды қолдау арқылы үлкен сахнаға жол ашу. Ауыл жастарының бойында рухани құндылықтарды, патриоттық бағдарды қалыптастыру. Ауыл өнерпаздарына қолдау көрсете отырып, үлкен сахнаға жол ашу. Фестиваль барысында «ЕҢ ҮЗДІК АУЫЛ» номинациясы беріліп, ауыспалы КУБОК табысталады. Үздік шыққан ауыл ақшалай сыйақы 300 000 /үш жүз мың/ теңге мен КУБОК табысталады. Сонымен бірге ерекше өнер көрсеткен өнерпаздарға өнер бапкерлеріне түрлі номинациялар табысталатын болады. Сонымен қатар өнерлі жастарға вокал, би, драма бағытында мамандардан құралған МАСТЕР КЛАСС өткізіледі.
- Сайыста; 
- Эстрадалық вокал – дуэт, трио, квартет,
- халықтық орындау /күй, терме, халық әні, қобыз, жетіген т.б/
- хореография /топтық би 6 адамнан кем болмауы тиіс/
- ансамбльдер /Әжелер, ағалар, жанұялық, фольклор, ВИА т.б/;
- драма, көркемсөз, әзіл-сықақ ұжымдары\ 
- «Күш атасын танымас» - ерекше қабілеті бар тұлғаларды таныту;
/талапкерлердің жасына шектеу қойылмайды./
Фестивалдің өтетін уақыты мен орыны:
1. Қуаңдария ауылы, Көмекбаев ауылында /08.11.2019 жыл /
2. Алдашбай ахун ауылы, Тұрмағамбет ауылында /12.11.2019 жыл/
3. Ақжар ауылы, Ақтөбе ауылында /14.11.2019 жыл/
4. ІІІ Интернационал ауылы, Дүр Оңғар ауылында /15.11.2019 жыл/
5. Иіркөл ауылы, Төребай би ауылында / 19.11.2019 жыл/
6. Ақай ауылы, Төретам кентінде /21.11.2019 жыл/ 
7. Қызылтам ауылы, Қармақшы ауылында /22.11.2019 жыл/ өткізіледі. Барлық ауылдарда сағат 18.00 де басталады.
09 қараша 2019 ж. 796 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930