» » "Аймақтар аламаны" Ақтөбеде

"Аймақтар аламаны" Ақтөбеде

ЖОСАЛЫ, 15 қараша - qarmaqshy-tany.kz ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы және Жастар жылы аясында Ш.Төлепова атындағы мәдениет үйімен «Қармақшы жастары» ЖҚБ-нің ұйымдастыруымен «АЙМАҚТАР АЛАМАНЫ» атты ауыл өнерпаздарының өнер фестивалі Ақтөбе ауылында өтті. Фестивальдің шарттары бойынша арнайы жасақталған әділ қазылар алқасы Ақтөбе ауылы мен Ақжар ауылының өнерпаздарының өнерлерін сарапқа салды. Нәтижесінде Ақтөбе ауылы өнерпаздары жартылай финалға жолдама алды. Фестиваль барысында түрлі жанрлар бойынша танылмай жүрген талантты өнерпаздар сахна төрінен орын алып, Ақжар ауылынан ансамбльдер бойынша «Әжелер» ансамблі ерекше өнерімен халыққа танылды. Сонымен қатар, аудандық мәдениет үйінің мамандары би, вокал, театр өнері жанрлары бойынша шеберлік сағатын көрсетіп, ауыл жастарының шығармашылығына серпіліс жасады. 

15 қараша 2019 ж. 1 238 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№64 (10532)

24 тамыз 2026 ж.

№63 (10531)

22 тамыз 2026 ж.

№62 (10530)

17 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 735
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 182

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31