» » Еске алу кеші өтті

Еске алу кеші өтті

ЖОСАЛЫ, 21 қазан - qarmaqshy-tany.kz Есенбек Құрманбаевты еске алу кеші өтті, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Ш.Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінде соғыс және еңбек ардагері, ақын, қоғам қайраткері Есенбек Құрманбаевты еске алуға арналған кеш өтті. ХХ ғасырдың басындағы қилы кезеңде Әліби Жангелдинмен бірге халық игілігі үшін қызмет істеген Есенбек Құрманбаев өңірдің дамуыа маңызды бастамалар көтеріп, аймақ экономикасының дамуына, тұрғындардың тұрмыс деңгейін көтеруге өлшеусіз үлес қосқан азамат болды.
Сан жылдар бойы жауапкершілігі мол жоғары лауазымды қызметтер атқарды. 1941-1945 жылдар аралығында Ұлы Отан Соғысы майданында болып, майданнан оралған соң, 1951-1961 жылдар аралығында «Молотов» колхозын құрып, қоғам мүддесіне қызмет етті. Ел адында сіңірген еңбегі, абыройлы істері үшін Есенбек Құрманбаев І-ІІ дәрежелі «Еңбек Қызыл Туы» ордендерімен, ҚР Жоғарғы Кеңесінің мақтау грамоталарымен және бірнеше рет медальдармен марапатталды.
Еске алу шарасында «Nur Otan» Партия аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Дастан Әбдібекұлы сөз алып, шараның маңыздылығына тоқталып өтті. Сонымен бірге шарада ұрпақтары Оңдаш Маратқызы, баласы Жанболат Есенбекұлы сөз сөйлеп, Есенбек Құрманбаевтың өмір жолы мен шығармашылығына арналған «Жұмыр жердегі бір ғұмыр» атты кітаптың тұсауы кесілді.
Еске алу шарасында Иіркөл ауылының ардақты ақсақалы Нұртай Түктіғұлов өмірі мен еңбек жолы, адамгершілігі туралы жылы лебізін білдірді.
Шара соңы аудан көркемөнерпаздарының арнайы дайындаған концерттік бағдарламасына ұласты.
21 қазан 2019 ж. 1 702 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (10393)

08 сәуір 2025 ж.

№24 (10392)

05 сәуір 2025 ж.

№23 (10391)

01 сәуір 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 593
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930