» » Жаңғырудың жаңа бағыты

Жаңғырудың жаңа бағыты

Нәтижелі жұмыс – мемлекет үшін маңызды тап­сырмалардың нақ уақы­тын­да орындалуымен жүзеге асады. Күн сайын емес сағат сайын қарыштап дамуға ұмтылған ел бір сәт те кідіріс жасамақ емес. Мақсат – өркениетті көштен өзіндік орын алу. Ажырап қалу емес, ілгерілеуге ілесу. Елбасының әрбір салиқалы саяси ісі осыны көксейді. Өткен аптада Елбасының төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысының негізгі мақсаты – осы міндетті түсіндіру.
Жыл басында алдағы жоспарларды жүйелеп, жұмыс істеуді бастау үшін Үкіметтің кеңейтілген мәжілісін өткізген Нұрсұлтан Әбішұлы өткен жылдың оңайға соқпағанын жасырмады. Дүниежүзінің экономикасы да аумалы-төкпелі болғанын, Үкімет пен әкімшіліктердің бірлесіп істеген жұмыстарының арқасында оң нәтижеге жеткенімізді айтты.
2017 жылы ішкі жалпы өнім өсімі 4 пайызды құрады. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 5,5 пайызға артып, өнеркәсіп өндірісінің көлемі 7,1 пайызға ұлғайды. 2017 жылдың 9 айында шетел инвестициясының таза түсімі 3 034,8 млн. долларды құрады. Өткен жылдың қаңтар-қараша айларының аралығында Қазақстанның сыртқы сау­да айналымы 69,5 млрд. долларға жетіп, 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25,1 пайызға артты. Оның ішінде экспорт көлемі 43,1 млрд. долларға жетіп отыр. Ұлттық банктің алтын-валюта активі 31,1 млрд. доллар болды.
Отырыста Нұрсұлтан Назарбаев осы сынды елімізді дамыту барысында өткен жылы қол жеткізілген нәтижелерге кеңінен тоқталып, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асырудың маңыздылығын атап өтті. Басқосу барысында Премьер-министр Б.Сағынтаев, қаржы министрі Б.Сұлтанов, ұлттық банк төрағасы Д.Ақышев, Премьер-министрдің орынбасары А.Жұмағалиев, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы А.Мырзахметов, Қарағанды облысының әкімі Е.Қошанов және Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев баяндама жасады. Елбасы орындалған міндеттердің нәтижелеріне назар аударып, баяндамашылардың назарын банк секторындағы мәселелерге, сондай-ақ цифрландыру бағдарламасының мақсаттарын түсіндіру, бюджет қаражатына бақылауды күшейту, бақылайтын мемлекеттік органдардың тарапынан шағын және орта бизнесті тексеру жұмыстарын қысқарту мәселелеріне көңіл бөлуді тапсырды. Мемлекет басшысы жасалған баяндамалардан кейін сыртқы тұрақсыз факторлар жағдайында Үкімет, ұлттық банк және өңір әкімдерінің елімізді дамыту жөніндегі орнықты көрсеткіштерге қол жеткізу жолындағы жұмыстарына оң баға берді. Сонымен қатар, Ел Президенті осыған дейін қабылданған бағдарламалық құжаттарды іске асырудың және оларға бөлінген бюджет қаражатын игерудің тиімділігін арттыру қажет екенін айтты.
– Әлемнің озық дамыған 30 елінің қа­тары­на қосылу үшін белсенді жұмыс істеу керек. Қажетті барлық бағдарламалық құжат қабыл­данып, заңнамаға тиісті өзгерістер енгізілді. Институционалдық реформалар жүзеге асырылуда. Біз еліміздің үшінші жаңғыруын жариялап, экономикамызды цифрландыруға кірістік. Даму үрдісін жеделдету қажет, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Елбасы индустрияландыру жылдары еліміздегі өңдеу секторының дамығанын атап өтіп, оның экономикадағы үлесін арттыру жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды. Сондай-ақ, өндіріске озық технологияларды енгізіп, кәсіпорындардың экспортқа бағытталу мүмкіндіктерін арттыру мәселелеріне тоқталды. Қазіргі арнайы экономикалық аймақтардың тиімділігін зерттеуді тапсырып, жаңа экономикалық аймақтар құруға уақытша тыйым салды. Отырыс барысында мұнай-газ секторындағы өңдеу және «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын трансформациялау мәселелері де талқыланды. Бірінші кезекке жатпайтын республикалық жолдарға бөлінген қаржыны өңіраралық және ауданаралық жол құрылыстарына қайта бағыттаудың маңыздылығына назар аударды.
Мұнан бөлек, электр энергиясы құнын төмендету мақсатымен «Бірыңғай сатып алушы» моделін енгізу және өңірлік электр жүйелері компанияларын ірілендіру барысына тоқталды. Мемлекет басшысы Премьер-министрге өңдеу саласына трансұлттық компанияларды тарту жөніндегі жұмыстарды бақылауға алуды тапсырып, «Қазақ Инвест» және «Қазақ Экспорт» компанияларының маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Отырыс барысында агроөнеркәсіп секторындағы жобаларды іске асыруға инвесторларды тарту мәселесі мен «Астана» халықаралық қаржы орталығын іске қосу жөнінде алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар талқыланды. Сонымен бірге, Елбасы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар жайына, олардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бағдарламасына қатысу мәселесін атап өтті.
– Денсаулық сақтау саласындағы реформаны тежеп отырған тағы бір жәйт цифрландыру мәселесіне байланысты. Осы күнге дейін электронды денсаулық паспорты жасалмай отыр, дәрігерлер құжаттаманы қағаз жүзінде жүргізіп келеді. Жергілікті жерлерде медицина мекемелері компьютерлермен толық жабдықталмаған, интернет қолжетімді емес. Бұл әкімдердің жауапкершілігіндегі мәселе, – деді Мемлекет басшысы.
Отырыс соңында Мемлекет басшысы биылғы Жолдаудың барлық басымдығын іске асырудың маңыздылығын нақтылап, оларды орындау әрбір басшыға жауапкершілікпен жүктелетінін атап өтті.
Бастысы бағдар – айқын, мақсат – біреу, міндет – белгілі. Тек жұмыла жұмыс істеу арқылы биіктікті бағындыруымыз қажет. Бүгінгі күннің талабы да, отырыстың маңыздылығы да – осы.
«ҚТ» ақпарат
15 ақпан 2018 ж. 1 098 1

JeaCold от 14 ақпан 2019 09:54
Viagra Problemi Psicologici cialis generic Propecia Periodo Fertil Wellbutrin Online Prescriptions

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031