» » Сүт өніміне сұраныс артты

Сүт өніміне сұраныс артты

Қызылорда облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қамбарбек Мүбараков Дауылкөл ауылдық округіндегі сүт өңдеу цехының жұмыс барысымен танысты. «Тұрмағамбет» ЖШС қолдауымен ашылған сүт өнімдерін шығарумен айналысатын цех жергілікті шаруалардан сүт алып оны қайта өңдеп, айраннан бастап қаймақ, сүзбе мен өзге де сүт өнімдерін шығарумен айналысады.
Жаңа өндіріспен шұғылдануды ниет еткен шаруа қожалық жетекшісі ауданды ғана емес, өңірімізді сапалы сүт өнімдерімен қамтуды көздеп отыр.
«Сүт өңдеу цехының ашылуынан ауданымыз үшін тек игілік күтеміз. Себебі, сүттің өзін ғана сатқаннан, оны өңдеп сату тиімді болып отыр. Өнім түрі молаяды, ең бастысы, жаңа жұмыс орындары ашылады, аудан бюджетіне салық түседі», – дейді шарушылық басшысы Н.Пірмантаев
Ауылдық округтің қазіргі таңда әлеуметтік – экономикалық дамуында игі дәстүрлер жалғасын тауып келеді.
Шағын және орта кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы салаларында тұрақты даму бар.
Мемлекеттік бағдарламаларды ұтымды пайдаланудың нәтижесінде елді мекенде жеке кәсібін ашқан азаматтардың қатары артып, жұмыссыздық деңгейі төмендеген.




28 қыркүйек 2019 ж. 859 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (10464)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 097
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 751

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031