» » Тұрмағамбет ауылына 60 жыл

Тұрмағамбет ауылына 60 жыл

«Қармақшы ауданы Тұрмағамбет ауылының 60 жылдығы мен Жиенбай жыраудың туғанына 155 жыл толуына орай Қармақшы ауданы Дауылкөл ауылдық округінде ақын-жыраулар фестивалі мен спорттық ойындар ұйымдастырылды» деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. 
Ауданға жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов ауыл тұрғындарын мерекемен құттықтады.
"Қызылорда облысын ежелден бастап "Жыр елі" деп атайды,оның бір себебі - "жүз жыраудың мекені", ақын Тұрмағамбет Ізтілеуовтың құрметіне аталған Тұрмағамбет ауылы. Кішкене ғана ауылдан бір ғана Сәлима Жұмабекова апамыздай Социалистік Еңбек Ері, Батыр ана шығуының өзін мақтан етуге болады. Сыр сүлейлерінің ізін жалғаған ақындар Құланбай Көпішов, Әбдікәрім Ахметов, Мағираш Сәрікова, жазушылар Нәсреддин Сералиев, Адам Мекебаев, Раушанбек Бектібаевтар, журналистер Мырхы Исаұлы, Әбілахат Жанаділов, Шакизада Құттаяқовтар бірі қазақ әдебиетіне, бірі журналистикаға еңбегі сіңген тұлға, өңірге ғана емес, елге танымал қаламгер ретінде есте қалды. Қазіргі таңда ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуында игі үрдістер жалғасын тауып келеді, көптеген әлеуметтік және бизнес нысандары салынуда",-деп атап өтті аймақ басшысы.
Мерекелік шара аясында ауылда Алматы, Тараз және облыстың барлық аудандарынан арнайы келген ақындардың қатысуымен республикалық мүшайра ұйымдастырылды. Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Шиелі ауданынан келген Ержігіт Бекжан, екінші орынды қызылордалық Тұрар Бекмұрзаев, үшінші орынды Тұрмағамбет ауылының тұрғыны Гүлжанат Қадырбекова иеленді.
Сондай – ақ, "Жыр жампозы-Жиенбай" жыр фестивалі, волейболдан турнир, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар және мерекелік гала-концерт ұйымдастырылды.
Осы күні Тұрмағамбет ауылында тәулігіне 1 тонна сүт өңдейтін шағын зауыт ашылды. Кәсіпорында айран, балмұздақ, сүзбе, қаймақ және пакеттелген сүт өндіреді. Зауытта 5 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
26 тамыз 2019 ж. 1 992 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (10464)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 083
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 741

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031