» » » Сүлейлер өсіп-өнген қарашаңырақ

Сүлейлер өсіп-өнген қарашаңырақ

Бүгін Тұрмағамбет ауылы Қ.Бүрлібаев атындағы ауылдық клуб үйінде Тұрмағамбет ауылының 60 жылдығына және Жиенбай жырау Дүзбенбетұлының 155 жылдығына арналған «Сүлейлер өсіп-өнген қарашаңырақ» атты ғылыми-танымдық конференция өтті.
Конференцияға аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Қайырбекұлы, ақын, еңбек ардагері – Жұмабек Нұрмаханұлы, Қазақ Ұлттық өнер университетінің профессоры, жырау, Қармақшы ауданының «Құрметті азаматы» - Алмасбек Нұрмаханұлы, еңбек ардагері, Қармақшы ауданының «Құрметті азаматы» - НұртілеуСалықов , сондай-ақ осы ауылда туып-өскен қоғам қайраткерлері және ауыл тұрғындары қатысты.
Конференцияда аудан әкімінің орынбасары ЕркебұланМеңлібаев сөз алып 
«Көгіне әні мен дәні қатар өрлеп, еліне құт-береке дарып, қасиетті Сыр ана бойын «Жыр елі» атандырған Сүлейлер туып өскен, бұл күндері экономикасы мен әлеуметтік жағдайы мен мәдениеті қатар дамыған аудандағы іргелі елді мекендердің бірі – Тұрмағамбет ауылының құрылғанына 60 жыл толып отыр.
Сонымен қатар, Ұлы Сүлейлер көшінің көрнекті өкілі - Жиенбай жырау Дүзбенбетұлының туғанына 155 жыл толуы да осы атаулы күнмен тұстас келіп отыр.
Мұхтар Шаханов Москвада орыстың белгілі ақыны Евгений Евтушенкомен бір кездесуінде «Қазақстанның бір ауылынан 100-дің үстінде ақын-жыршыларының шыққанына куә болдым» дегенде ол бұған сенбегендей: «Ол мүмкін емес, бүкіл Балтық жағалауы елдеріндегі ақындар саны 100-ге жетпейді...» деген екен.
Ақын, жыршы-жырауларымен қатар бұл топырақта қан майданда ерліктің үлгісін көрсеткен Кеңес Одағының батырыТәйімбет Көмекбаев, еңбектің көркін қыздырған көптеген әке-аналарымызбен бірге бүгінгі күні ортамызда отырған Батын Ана, Еңбек Ері Сәлима Жұмабекова сынды ел ардақтылары туып-өскен» деп атап айтып өтті.
Сонымен қатар конференция барысында, «Жыр дүлділі–Жиенбай жырау» тақырыбында Жұмабек Аққұлов, «Жыршы-жырауларды Республиканың жоғарғы оқу орындарында кәсіби маман ретінде дайындау мәселесі» төңірегінде Алмасбек Алматов, «Тұрмағамбет ауылы – шайырлар мекені» тақырыбында Зарипа Тасымова баяндама жасады.
Сондай-ақ, Тұрмағамбет ауылының құрылғанына 60 жылдығына орай «Жүз жырауды тербеткен алтын бесік» атты кітаптың тұсауы кесілді.



24 тамыз 2019 ж. 1 563 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№9 (10377)

04 ақпан 2025 ж.

№8 (10376)

01 ақпан 2025 ж.

№7 (10375)

28 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 361
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728