» » ЕРЛІК ЕШҚАШАН ҰМЫТЫЛМАЙДЫ

ЕРЛІК ЕШҚАШАН ҰМЫТЫЛМАЙДЫ

Ұлттық архив қорын тарихи маңызды жеке тектік құжаттармен толықтыру мақсатында Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің, қоғам қайраткерлерінің, еңбек ардагерлерінің, «Қармақшы ауданының құрметті азаматтарының», ақын-жазушыларының, спорт майталмандарының жеке тектік құжаттары сақталуда. Қорға соғыс ардагері, білім саласының қызметкері Тілеген Әбдікешовтің 1940-2025 жылдар аралығындағы құжаттары қабылданды. Қабылдау барысында қор иесінің жеке және өмір жолының нақты дерегі саналатын құжаттар қамтылды.
Т.Әбдікешов 1915 жылы Қармақшы ауданының №9 Көктөбе ауылдық кеңесінде дүниеге келген. 1941-1945 жылдары Кеңес әскерінің қатарында болып, соғысқа қатысқан. Соғыстан 1945 жылы қайтып келіп, 1949 жылдары Ленин, Ворошилов атындағы мектептерде директор қызметін атқарған.
Еңбек жолында 1949-1951 жылға дейін аудандық партия комитетінде насихатшы, 19511953 жылдары аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі, 1953-1955 жылдары №4 балалар үйінде директор болды.
Ал 1955-1963 жылдар аралығында Энгельс атындағы ұжшардың басқарма төрағасы, ауыл шаруашылығы маханизация мектебінде директордың орынбасары, Ақай кеңшарында бөлімше меңгерушісі, «Октябрь» кеңшарында жұмысшылар комитетінің төрағасы, сондай-ақ аудандық коммуналдық шаруашылық бөлімінің меңгерушісі қызметтерін абыроймен алып жүрді.
1963-1966 жылдары Чапаев ұжшарындағы №109, жаңадан ашылған Қуаңдария ауылындағы №186 мектептің директоры қызметін атқарып, ауыл мектебінің алғашқы ұйымдастырушысы, басшысы ретінде танылды. Мұнан соң аудан орталығындағы кешкі жұмысшы жастар мектебінде оқу ісінің меңгерушісі болса, кейін директорлық етті.
1940 жылы Қазақ КСР Жоғарғы кеңесі төрағасының Қазақ КСР-нің 20 жылдығы құрметіне социалистік құрылысқа белсене қатысқаны үшін құрмет грамотасымен, 1949 жылы «Еңбек үздігі», «Сталинградты қорғауға қатысқаны үшін» медальдарымен марапатталған.
Тілеген Әбдікешов 1983 жылы 5 желтоқсанда дүниеден озды.
Архив қорына өмірі және қызметі жайлы құжаттары қабылданып, келешек ұрпаққа, зерттеушілерге, мектеп оқушыларына насихаттауда мәліметтер беріліп, тақырыптық көрмелер өткізіліп отырылады.

З.МАХАНБЕТЖАНОВА,
аудандық архивінің архивисті
30 қыркүйек 2026 ж. 115 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (10541)

26 қыркүйек 2026 ж.

№72 (10540)

22 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 945
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 187

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031