» » Архив қорындағы құндылық

Архив қорындағы құндылық

Өткен күнді айғақтайтын құжаттарды жинақтау, сақтау және жариялау архив қызметінің әрқашанда маңызды шараларының бірі. Өткенімізді білуді, оның анық-қанығына көз жеткізуді тек архив құжаттары ғана айғақтайды. Аудандық архивте Ұлттық архив қорын тарихи маңызды жеке тектік құжаттармен толықтыру мақсатында тыл және еңбек ардагері, Қармақшы ауданының құрметті азаматы Жазықбай Нұржановтың жеке тектік құжаттары архив қорында сақталуда.
Ол 1936 жылы Қармақшы ауданына қарасты Жамбыл колхозында шаруа отбасында дүниеге келді. Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін 1945 жылы №26 ( сол кездегі В.Молотов атындағы) қазақ орта мектебінің 1 сыныбына барып, оны 1955 жылы бітірген. Сол жылы күзде кеңес әскері қатарына алынып, 1959 жылға дейін әскери міндетін өтейді. Осы жылы Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтына оқуға түсіп, оны 1964 жылы ғалым зоотехник мамандығы бойынша үздік бітіріп шығады.
Еңбек жолын Қармақшы өндірістік басқармасының 1 август, 1964 жылғы 21/18 санды жолдамасына сәйкес, ауданда жаңа ұйымдастырылып жатқан Жаңақала совхозына №2 фермаға зоотехник болып қабылданады. Ауданнан шалғай орналасқан Жаңақала кеңшары жаңа құрылып жатқандықтан, жаңадан құрылған шаруашылықтардың, фермалардың құрылысын жүргізуге қыс қатты болғандықтан, ауылшаруашылық еңбеккерлеріне үлкен сын болды. Ай бойы қалың қар жауып, қатынас жолдарын басып қалды. Алайда жас зоотехник ұйымшылдықтың үлгісін танытып, табиғат қиындығын қажырлылықпен жеңіп шықты. Малдың аман сақталуы қамтамасыз етілді. Даладағы еңбек қаһармандарымен уақытпен санаспай бірге жүрді.
Ж.Нұржанов өзіне жүктелген міндеттемелер мен жоспарды орындауда ұжымды жұмылдыра білді. Соның нәтижесінде ұжым бүкілодақтық және республикалық социалистік жарыстың бірнеше дүркін жеңімпазы атанды. СОКП Орталық комитетінің, КСРО министрлер кабинеті кеңесінің, ВЦСПС және БЛКЖО-ның ауыспалы Қызыл туларын, құрмет грамоталары мен дипломдарына ие болды. Сонымен қатар, бүкілодақтық халық шаруашылығы жетістіктері көрмесі мен республикалық құрмет тақтасына ілінді.
1966 жылы аудандық ауылшаруашылық басқармасына шақыртылып, онда 1973 жылға дейін зоотехник-экономист болып жұмыс жасап, 1973 жылдан 1977 жылға дейін ауылшаруашылық өнімдерін дайындау және сапасы жөніндегі мемлекеттік инспекцияда инспекторы, 1977 жылдан 1986 жылға дейін аудандық партия комитетінде нұсқаушы қызметін атқарса, 1986-1990 жылдары аудандық халықтық бақылау комитетінің төрағасы, 1991-1992 жылдар аралығында аудандық шаруалар одағының төрағасы, одан соң аудандық кеңес төрағасының орынбасары, 1994-2002 жылға дейін (сол кездегі шаруашылық есептегі) аудандық архивінің директоры қызметін абыроймен атқарған. Бірнеше рет аудандық кеңестің депутаты болып сайланды.
Ауданның әлеуметтік-экономикалық, мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі үшін 1958 жылы «Тың жерлерді игергені үшін» медалімен, 2010 жылы Тыл ардагері, 2015 жылы «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы жеңісінің 70 жылдығы» мерекелік медалімен, 2020 жылы «Қармақшы ауданының құрметті азаматы» медалімен марапатталған. Бүкілодақтық халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің жүлдегері атанды. Халық шаруашылығын дамытуда қай салада болсын үлкен жетістіктерге қол жеткізіп, жемісті еңбек етіп, жауапкершілікпен қиындығы қатар келетін жұмыстарды атқарып келді. Қазіргі таңда Жазықбай Нұржанов құрметті еңбек демалысында.
Гүлжанат ӘБИЕВА,
«Қызылорда облысының мемлекеттік архиві»
КММ-нің Қармақшы аудандық филиалының архивисі.
01 шілде 2024 ж. 160 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№53 (10318)

06 шілде 2024 ж.

№52 (10317)

02 шілде 2024 ж.

№51 (10316)

29 маусым 2024 ж.

Оқиғалар

Баланың айласы
07 шілде 2024 ж. 62
Сынық кесе

Сынық кесе

05 шілде 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Таза Қазақстан
14 маусым 2024 ж. 4 558

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031