» » Ерен ерлік иесі

Ерен ерлік иесі

Бүгін де сол Жеңіске – 76 жыл толып отыр. Ал қарашаңырақта ұрпағымен мың жасап отырған бұл жандар – Қаржауовтар отбасы. Жанарларынан сағыныш, мақтаныш жалыны алаулап тұрғандай. «Біздің әкеміз осындай еді» деп терең күрсінген батырдың ұрпағы әңгімесін Әзиз Өтебайұлының тарих парағынан шертті.
Ол – Қармақшы ауданы, бұрынғы Ленин кеңшары, қазіргі Тұрмағамбетте 1924 жылы 23 наурызда дүниеге келген. 7 кластық білімі бар бозбала 1943 жылдың сәуірінде Қармақшы аудандық Әскери комитет арқылы Кеңес әскеріне шақырылады. Солай 9-шы атқыштар полкі, 293-ші атқыштар дивизиясында атқыш ретінде әскери міндетін бастап кетеді. Ал 1944 жылдың желтоқсан айынан 1946 жылдың қазанына дейін дивизияда бөлімше командирі болып тікелей «Жапон соғысына» қатысады. Жанкешті ерлігі үшін Сталиннің №372 бұйрығы бойынша мадақтау қағазын алып, 1946 жылдың 8 мамырында «За победу над Японией» медалін кеудесіне тақты.
1946-1947 жыл аралығында 12-ші авиатехникалық полкте бөлімше командирі, 1947-1950 жылдары 55-ші авиатехникалық дивизияда «Инструктор» болып әскери міндетін жалғастырады. Елге оралған Әзиз Қаржауов 1951-1955 жыл аралығында Қазалы-Орынбор темір жол бағытындағы Жосалы стансасында әскери күзет қызметін атқарады. Ал 1979 жылға дейін аудандық тұтынушылар қоғамында, 1981-1987 жылға дейін аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының оқу курстық комбинатында аға инструктор қызметін атқарады. Бар ғұмырын ерлікке, адал еңбекке арнаған ол 1987 жылы зейнетке шығады. Дегенмен жақсылардың бірі азайып, 1991 жылы ерен ерлік иесі дүниеден озды.
– Ол біздің болашағымыз соғыссыз болсын деп емес, тұтас елдің бейбіт өмірі жолында қару алып, майданға аттанды. Ерлікпен шайқасты. Соғыс жылдарынан соң талмай-тынбай еңбек етті. Майдангердің ұрпағы болғанымыз үшін біз мақтанамыз. Әкеміздің ерлігі ешқашан ескірмейді. Ұрпағы әрқашан тағзым етеді, – дейді Зинел Мәлік Әзизұлы.
Хадиша Өміртаевамен шаңырақ көтеріп, отбасының берекелі-мерекелі күндерінің тірегі болған Әзиз ата балаларының болашағы үшін жатпай-тынбай еңбек етті. Үйдің іші шаттыққа толып 6 бала дүниеге келді. Бәрін де оқытты, бәріне де тәрбие берді. Қазір олар өмірде өз орнын тапқан батырдың ұрпақтары. Иә, бұл үйде сұрапыл шайқаста кеудесін оққа тосып, жан алып, жан беріскен майдангер тұрған еді.
Айнұр ӘЛИ
14 мамыр 2021 ж. 621 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031