» » Естен кетпес ерен ерлік

Естен кетпес ерен ерлік

Ерлік – ешқашан ұмытылмайды. Ел басына күн туғанда қаруын сайланып, аттанбаған азаматтар кем де кем шығар. Ұлтының ұйытқысын бұзбаған, тыныштығы мен берекесінің бекемдігін сақтаған жандар аз емес.
Биыл Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 32 жыл толды. Осы орайда Иіркөл ауылындағы №106 мектептің алғашқы әскери даярлық пәнінің мұғалімі Ж.Ахметовтің ұйымдастыруымен «Естен кетпес ерен ерлік» атты Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу кеші өтті. Ерліктің қай-қайсысы да айтып өтпеуге болмайтыны секілді осы жолда жанкештілік көрсетіп, Ауған соғысында ерлігімен танылған азаматтар Асқар Ерманов, Қуаныш Айқұдықов, Болат Тәтбеков, Қайырбек Естов, Ахметбек Арықбаев ағаларымызбен сұқбат жүргізіліп, майдан барысында қиыншылықтарымен бөлісті. Ұрыс алаңында көрсеткен ерліктері бүгінгі ұрпаққа толассыз үлгі, оларды патриоттық сезімге баулуға, Отанға деген риясыз сүйіспеншілікке тәрбиелеуге бағытталды. Ауғанстан соғысында ерлікпен қаза тапқан интернационалист жауынгер Р.Доспановтың рухына Құран бағышталып, гүл шоқтары қойылды. Кездесу барысында оқушылар ардагерлермен сұқбаттасып, мультимедиялық форматта слайд, видеороликтер көрсетіліп, кеш қонақтарына оқушылар өлең шумақтарын тарту етті. Еңселі еліміздің ертеңі болар бүгінгі ұрпақтың бойынан нақ осы батырлардай рухтың табылатынына кәміл сенеміз. Еліміз бен жеріміздің бақытына туар айбарлы да айдарлы ұлдарымыз көп болғай.
Жалғас ҰЗАҚБАЙҰЛЫ
20 ақпан 2021 ж. 939 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 405
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728