» » Ақынның шуағы мәңгі өшпейді

Ақынның шуағы мәңгі өшпейді

Ана тілімізге мұқият болу, рухани мұраны сақтауға, тарихымызды білу мен кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру мақсатында Әбділда Тәжібаевтың поэзиясына арналған «Толағай ақын, толастамас жыр» атты әдеби марафон өтті.
Аудандық кітапхана мен «Қармақшы жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен шараға №26 мектептің ұстаздары мен тұрақты оқырман Марат Үсенов қатысты. «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында өткен жиында ақын, драматург, әдебиет ғылымының зерттеуші ғалымы Әбділда Тәжібаевтың өлеңдерін оқыған жас оқырмандар арнайы хат және сыйлықпен марапатталды.
– «Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы... Өлмейтұғын артына сөз қалдырған» деп Абай атамыз айтқандай, жерлес ақынымызды ұлықтауға арналған кешке келген қонақтарға айтар алғысым шексіз. Қазіргі таңда әдебиетті жаны сүйетін жандар бары көңіл қуантады. Ұлы ақынның қалдырған мәдени әрі рухани байлығын ұлықтау – біздің міндетіміз. «Толағай ақын, толастамас жыр» атауымен өткен марафон алдағы уақытта да өз жалғасын табады, – деді аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Күлшара Қаниева.
Шара барысында Сыр ақынының өмірінен сыр шертіліп, кітабына буктрейлер ұсынылды. Тағдырдың тауқыметіне сынбай, басқа түскен бар қиындықты жеңген ақынның жарық көрген кітаптары қалың оқырман қолына жол тартты. Көрменің кітапханашысы Әлия Өтегенова «Қазақ әдебиетінің тұлғалары» кітап көрмесін оқырманға таныстырды. Мәдени сөреде Ә.Тәжібаевтың кітаптарымен қатар, Әбіш Кекілбаев пен Құлбек Ергөбектің жазбалары да орын тапты.
– Қайырымды да мейірімді болыңдар. Өзім өлеңқұмар жан болған соң сендерді де рухани азықтан тәлім алуға шақырамын. Қазақтың әрбір ақынының өлеңінен адамға берер ақыл мен парасат табылады. Жазушылардың келешек ұрпаққа қалдырған тәрбиесі мен тағылымы мол жазбаларды оқыған жан болашақта рухани бай тұлға болады, – деді кітапхананың тұрақты оқырманы Марат Үсенов.

Аслан ЖАЙҚОНСҰЛЫ
25 қараша 2019 ж. 655 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930