» » Жалғыз жанға

Жалғыз жанға

Кұлазыған жанымды емде менің,
Еркесімін аялап тербегеннің.
Аңсарымын өмірде сағындырып,
Кеткенімен оралып келмегеннің.

Жадыратар жанымды барма шуақ,
Кім береді дәл мұндай хәлге жауап.
Қазынамды сарқыды мына тағдыр,
Қоя аламын мен оған қандай талап.

Жалғыздықпен осылай қапылыстым, 
Жабырқасам бола алар жұбаныш кім. 
Бұл тағдыр емес еді таңдағаным, 
Ол әлде мен өмірде жаңылыстым.

Тұман ойлар мазалап келем үнсіз, 
Мені қойшы неліктен жүрек жырсыз. 
Жалғыз жанға бәрібір екен өмір, 
Күнелтуге болады екен түнсіз.

Тансық емес айға сыр шерткенімде, 
Қайғысын сыйлады бұл көктемімде. 
Арманымнан мен шығар таяқ жеген, 
Білемін өкпем жөнсіз екенінде.

Тұншықсада көмейім талай зарға, 
Асығар емеспін мен абайлауға. 
Барыңды бір-ақ күнде тонап алып, 
Мұрша бермес мына өмір қарайлауға.

Ғалымжан Мыңжасар.

02 мамыр 2019 ж. 1 410 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№36 (10504)

16 мамыр 2026 ж.

№35 (10503)

13 мамыр 2026 ж.

№34 (10502)

09 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 107
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 695

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031