» » Домовойдың бары рас екен...

Домовойдың бары рас екен...

Сәлеметсіздерме, құрметті оқырмандар! Мен бұрыннан кеудеме сыймай, көкірегімді кернеп жүрген бір оқиғамен сіздермен бөліскім келіп отыр.
Осы оқиғадан кейін мен өмірдің тылсым дүниеге мол екеніне сене бастадым деп айтсам да болады. Негізінде, бұрын мұндай нәрселерге сене бермейтінмін, біреу-міреу айтып жатса күліп, ойынға айналдырушы едім. Осы кезге дейін де солай болып келді. Бірақ, қазір...
Кезінде бәрі үй аруағы (домовой) болады дегенде сенбей күлкіге айналдыратынмын. Үйде өзім жалғыз жүргенде әңгімелесіп, өзімше батылсынып,«домовой, бар болсаң, қайдасың?» деп келемеждеп, әрдайым «домовойлап» қоймаушы едім. Мен үшін бұл күлкілі болатыны рас еді.
Енді бір күні түні бойы тыпыршықтап, дұрыс ұйықтай алмадым. Күнде солай болып жалғаса берді. Біреу артымнан келіп ұстап тұрған сияқты, ылғи да түні бойы жанымнан шықпай мазалай беретін болды. Тәтті ұйқыға батып бара жатсам, мазалауын қояр емес...
Бүгінгі күні мазаласа «домовой, қойшы!» дейтін болдым. Сіздер күлетін боларсыздар, бірақ, шынымен осылай. Ұйқы құшағында жатқанда артымнан келіп мазалаған үй аруағына «домовой, қойшы, болды!» десем қоятын болды. Күнде осылай.
Осы жағдайдан кейін бір тылсым дүниеге тап болғандаймын.
Өмірдің басқа әлемі. Қазір «отпен ойнама, күйесің» деген осы екен-ау деп ойлаймын...

anabol.kz  


15 наурыз 2019 ж. 2 173 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031