» » ХИДЖАМАДАН ҚАУІП БАР МА?

ХИДЖАМАДАН ҚАУІП БАР МА?

     Сіз, қан шығару арқылы дертіңізді жазуға болатынын білесіз бе? Мүмкін естіген де шығарсыз?! Соңғы жылдары біздің қоғамда емделудің «хиджама» деп аталатын жаңа түрі пайда болды. Халық арасында кең таралған бұл ем-шара, ағзаны арам қаннан тазартады деген пікір бар. Хиджама дінмен өте тығыз байланысқан. Сондықтан оның пайда болу кезеңін алғашқы пайғамбарлармен байланыстырады. Бүгінде елімізде хиджама жасаулышардың саны көп. Қазір оны үлкенді-кішілі емдеу орталықтарында, тіпті үй жайында да еліміздің барлық қаласында жасайды. Бірақ емделудің мұндай әдісіне қаншалықты сенуге болады? Бұл жайында пікір сан алуан. Кейбіреулер оны барлық дерттің шипасы деседі, өзгелері оның жасалу жолы мен қауіпсіздігіне сенімсіздікпен қарайды. Ендеше осы тақырып бойынша біз сіздерге айтамыз.
 «Хиджама» сөзі жалпы араб тілінен аударғанда «сору» дегенді білдіреді. Ал оны жасайтын адамды «хиджам» деп атайды. Яғни денедегі артық арам қанды алу арқылы бойымызды зиянды заттардан арылтады. Қан алдырудың пайдасы көне заманнан бар, күні бүгінгі медицинада да дәлелденген. Бірақ жақында Денсаулық сақтау министрлігі хиджаманы медициналық қызметтің құрамына кірмейтінін айтқан болатын. Денсаулық сақтау саласында барлық қызмет түріне қойылған арнайы талаптар бар. Қан – адам өмірінің өзегі. Денеден қан алдырғанда антисептикалық нормалар сақтала ма, құрал-саймандар дұрыс залалсыздандырыла ма? Бәрі белгісіз. Бұл жоғары қауіпті білдіреді. Министрліктің алаңдап отырғаны осы себептен. Демек дәстүрлі медицина хиджама жасау әдісін құп көрмейтін секілді.
Ал хиджамшылар керісінше қан алдырудың кері әсері болмайды дейді. Себебі, сонау ерте кезде Ислам елдерінде дамыған бұл ем түрі күні бүгінге дейін жалғасып келеді. Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с) мұның адам ағзасына пайдалы екенін айтып кеткен. Бұл туралы жазылған хадистер де бар. Олардың бірінде үш нәрседен, яғни қан алдыруда, отпен күйдіруде және бал шарапатында ем бар деп жазылған деседі. Тіпті, хиджама аузы берік адамға жасалса да оның оразасы бұзылмайтын көрінеді. Керісінше, ашқұрсақ кезінде жасалған бұл ем-домнан кейін адамның миы жақсы жұмыс істеп, есте сақтау, жаттап алу қабілеттері жақсарады дейді. Хиджаманы үлкен-кіші де, сондай-ақ жүкті әйел мен емшектегі баласы бар анаға дейін қолдануға болады екен. Кішкентай сәби балалар шетпе болып ауырған кезде де ата-бабаларымыз олардың арқа тұсынан қан алатын болған. Алайда, хиджама кез келген ауруға ем болмайды. Мұндай әдіс түрі дұрыс жасалмаған жағдайда ағзаға үлкен зиян тигізуі мүмкін. Сондықтан, хиджаманы арнайы маманнан кеңес алғаннан кейін ғана, білімді, тәжірибелі адамға жасатқан дұрыс. Бүгінде ауданымызда хиджама жасайтын мамандар жоқ емес бар. Солардың бірі – Хамза Байзақұлы. Ол осы хиджамамен 2014 жылдан бастап айналысып келеді. Арнайы Алматы қаласындағы білікті мамандардан дәріс алған ол бүгінде еңбегінің жемісін көрсетуде.
– Хиджамаға қазір емдік шара ретінде жақсы көзқарас қалыптасып келеді. Дертіне шипа іздеп, ем алушыларға септігін тигізуде. Дәстүрлі медицинаның бұл түрі денедегі артық арам қанды сорып алып тастау арқылы  қан айналу жүйесін жақсартады. Мысалы адам бір жерінен қатты соққы алса сол жерге қан ұйып қалуы мүмкін. Ал ұйыған қан басқа майда тамырлардың жолын бітеп тастайды. Осыдан кейін қан айналу жүйесі бұзылады, адамның ауыра беретіні де содан. Міне сол үшін теріні арнайы медициналық алмаспен тіліп, банка қою арқылы қанды сорып алып тастаймыз, – деді хиджамшы Хамза. Жұмыс барысында күнделікті санитарлық нормалардың қатаң сақталатынын да жеткізді. Мұндағы қолданылған құралдар екінші қайтып пайдаланбайды және хиджама жасатуға келген әр бір адам өзі мен бірге банкасын ала келеді.    Хиджама кез келген ауруға қойыла бермейді. Қан қысымы төмен, бүйрек ауруына шалдыққандарға, қант диабеті, жүктіліктің алғашқы 4 айында жасатуға болмайды. Дұрыс жасалмаған қан алдырудың арты қатерлі болуы мүмкін. Сондай-ақ ЖИТС (СПИД), онкология секілді ауру түріне хиджама көмек бере алмайды. Адам өзін жеңіл сезінгенмен бірақ толық айығып кетпейді.
Хиджаманы біреулер дұрыс дер, енді біреу қарсы шығар. Оның барлығы өзінің ішкі жан дүниесінің сеніп-сенбеуіне байланысты. Сенген адамға бір жұтым су да ем болар. Денсаулық – біздің баға жетпес жалғыз ғана асыл дүниеміз екенін естен шығармағанымыз жөн.
       Ерсін СӘДУҰЛЫ,
«Қармақшы таңы».
23 сәуір 2019 ж. 1 676 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 067

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031