» » ХИДЖАМАДА ҚАУІП БАР МА?

ХИДЖАМАДА ҚАУІП БАР МА?

Бүгінде арқасы құрысып, шекесі тырыс­қандардың арасында хиджама дейтін ем жиі қолданылады. Бұл – артық қанды алу арқылы ағзаны зиянды заттардан тазарту. Хиджаманы емшілер тиімді тәсіл деп таныған. Ал, бұған денсаулық сақтау министрлігі болса күмәнмен қарайды. Себебі ол арнайы бақыланатын медициналық қызметтер тізіміне кірмеген. Тиісінше оның сапасын қадағалау мүмкін емес. Әлеуметтік желіні ақтара қалсаңыз хиджама жасаумен айналысатын мамандардың жарнамасынан көз сүрінеді. Толыққанды мәліметке де қанық боласыз. Ауруынан айығып, алғысын жау­дырып жатқандар одан да көп. Егер хиджама пайдалы болса, онда неге ақ халаттылар бұл ем түрін құптамайды?

Хиджама жасау Қазақстанға 2000 жылдары келе бастаған. Ал Сирия, Мысыр, Сауд Арабиясы секілді мұсылман елдерінде бұл ем түрі өте жақсы дамыған. Жалпы, тілімнің жасалу жеріне қарай хиджама үш түрге бөлінеді. Бірінші түрі – құрғақ хиджама, яки ол қан шығарусыз жасалады. Бұл әдіс көп қолданылмайды. Екінші түрі – күре тамыр хиджамасы. Оны варикоз секілді сырқаттарды емдеуде қолданады. Соңғы түрі – тіл астына жасалатын хиджама. Хиджаманың бұл түріне ішкі ағза мүшелерін, бас ауруын емдеу кезінде жүгінеді. Хиджама мамандарының көбісі емдеу кезінде Құран оқиды немесе тас­паларды қосады екен.
Ал, денсаулық сақтау саласының тізгінін ұстаған министр Елжан Біртанов Қазақстанда хиджаманың таралып кеткеніне алаңдаушылық білдірді. Министр өз сөзінде: «Бұл қызмет медициналық қызмет құрамына кірмейді. Біріншіден, заң бойынша мемлекет тарапынан беріліп отырған тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне хиджама кірмейді. Жалпы бұл қызмет министрлік бақылайтын медициналық қызметтер тізіміне кірмегендіктен, оны медициналық қызмет деп санамаймыз», – деген болатын. Сон­дай-ақ, бұл қызметтің сапасына жауап бермейтінін де жеткізді. Демек, дәстүрлі медицина хиджама жасау әдісін құп көрмейтін секілді. Ал, ислам елдері керісінше қан алдырудың кері әсері болмайды дейді. Себебі, Пайғамбарымыз (с.ғ.с) мұның адам ағзасына пайдалы екенін айтып кеткен. Хиджаманы үлкен-кіші бәріне де сондай-ақ жүкті әйел мен емшектегі баласы бар анаға да қолдануға болады деген. Кішкентай сәби балалар шетпе болып ауырған кезде де ата-бабаларымыз олардың арқа тұсынан қан алатын болған.
Мойынға жасалатын қан алу әдісі бас ауруына, құлақ, тамақ, мұрын және тіс ауруына, уланған жағдайда көмектеседі. Басқа жасалған хиджама – психикалық ауруларға, тіс ауруына, әлсіздікке, бас сақинасына, көру және есту қабілетін жақсартуға, ми қабынуына пайдасын тигізеді. Сондай-ақ, тіс ауруын банканы иекке қою арқылы емдейді. Осы арқылы түрлі микробтар мен бактериялар жиналатын ағзаның ең лас аймағы – ауыз қуысы тазаланады. Табанда іріңді жазылмайтын жара болса, банканы аяқтың артқы бөлігіне қояды. Ішек аурулары, семіздік, қан айналым жүйесінің бұзылуы, бронх демікпесі жағдайында бөксеге жасалады.
Алайда, хиджама кез келген ауруға ем болмайды. Мұндай әдіс түрі дұрыс жасалмаған жағдайда ағзаға үлкен зиян тигізуі мүмкін. Сондықтан, хиджаманы арнайы маманнан кеңес алғаннан кейін ғана, білімді, тәжірибелі адамға жасатқан дұрыс. Сондай-ақ, хиджаманы қан қысымы төмен, аурудан енді айыққан, әсіресе ота­дан кейін шыққан адамға, бүйрек ауруына шалдыққандарға, қант диабеті, жүктіліктің алғашқы 4 айында жасатуға болмайды. Дұрыс жасалмаған қан алдырудың арты қатерлі болуы мүмкін. Асқынып кеткен немесе жаңа заман індеті саналатын ЖИТС (СПИД), онкология секілді ауру түріне хиджама көмек бере алмайды. Адам өзін жеңіл сезінуі мүмкін, бірақ толыққанды айығып кетпейді.
P.S
Үкіметтің 2005 жылғы 30 желтоқсандағы №1325 қаулысына негізделген Лицензиялау туралы заң жобасының «Денсаулық сақтау саласындағы қызметті лицензиялау» деп аталатын 26-бабының 47-бөлігінде дәстүрлі емес медициналық қызмет түрлері тайға таңба басқандай көрсетілген. Оның ішінде халық медицинасы, яғни гомеопатия, гирудотерапия, қолмен емдеу, рефлекс арқылы емдеу, шөп және табиғи құралдармен емдеу сатылары бар. Ал, хиджама әдісі бұл тізімде жоқ. Кімге сенбек керек? Дәстүрлі медицинаға ма, әлде ем-дом жасап жүрген емшіге ме? Абзалы, саламатты өмір салтын ұстану – адамның өз қолында. Білікті маман мен кәсіби дәрігер ғана белгілі бір диагнозын қойып, ем-шара жасай алады. «Сақтансаң сақтармын» деген, тәніңізге ши­па іздеп жүріп, айықпас дертке ұшыраудан сақтаныңыз.
Асқар ҚОЖАНАЗАРОВ,
Байқоңыр қаласы, «Жәрімбет» мешітінің наиб имамы:
– Дінімізде «хиджама» сөзі денедегі артық қанды алдыру арқылы емдеу деген мағынаны білдіреді. «Хиджама» сөзі мұсылман үшін таңсық емес. Бір сөзбен айтқанда, Пайғамбар (с.ғ.с.) медицинасы деп те кең таралған. Оның артықшылығы жайында Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) былай деп айтқан хадисі бар: «Шипа үш нәрседе: бал ішуде, хиджама жасату (қан алдыру) және отпен күйдіру. Алайда үмметімді күйдіруден тыямын». Енді бір хадисте: «Расында емделген нәрселеріңнің ең абзалы – хиджама немесе ол емдеріңнің ең жақсысы», – деген. Демек, хиджама жасату – дінімізге қайшы дүние емес. Алайда, білікті де тәжірибелі маманға жүгінген абзал.
Наурызбай ҚОЗАНОВ,
терапевт:
– Инфекциялық аурулар таралудың қаупі жоғары. Жалпы, хиджама жасауға еш қарсылығым жоқ. Алайда, қан алдыру негізгі ем бола алмайды. Бұл – заманауи медициналық емдеу жолымен бірге жүретін қосымша ем-дом түрі болып саналады. Қан алдыру кезінде қан қысымы төмендейді. Бірақ бұл қан қысымын емдемейтінін ескерген жөн. Дегенмен қан арқылы жасалатын кез келген процедура адам өмірі үшін қауіпті. ВИЧ, гепатит инфекция­ларын жұқтыру қаупі бірінші кезекке шығады. Қанға, ашық жараға инфекция тез жұғады. Қан алған кезде травматикалық шок болуы да ықтимал. Ол жерде санитарлық норма сақталмаса, жағдай оңай болмайды. Қандай мақсатта болса да, әуелі хиджама жасалатын орталықтың медициналық мекеме болғанына назар аударған жөн. Бірақ, бұл ем түрі – уақытша ғана. Адам жеңілдікті сезінгенімен, кейін ауруы қайта асқынуы мүмкін.

Айнұр ӘЛИ,
«Қармақшы таңы».
04 қазан 2018 ж. 3 681 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 079

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031