» » Түс жори білесіз бе?

Түс жори білесіз бе?

Түс жори білесіз бе?
Көрген түсіне мән бермейтін адам аз шығар. Себебі "бүгін мен мынадай түс көрдім" деп айтып жатқан жандарды жиі кездестіреміз.
Қазір де түс жоруға арналған түрлі ақпарат көздері бар. Біреулер "түс - түлкінің тезегі" десе, кейбіреулер көрген түсін жүйелі түрде қадағалап, ол туралы жазылған жайттармен салыстырып, уайымдап бітеді.
Ертеде арнайы түс жорушы адамдар болған, олар философтардың да, тәуіптердің де рөлін атқарған. Ел билеушілердің өзі кейбір іс-әрекеттерін көрген түстеріне орайластырып, шешім қабылдап отырған. Тіпті тарихта қалған Абылайдың түсін де бүгінгі күнге шейін адамдар тілге тиек етіп жатады.
Негізінен, түсті қалай жорысаңыз, солай орындалады деген қағида бар.
Халық аузында жүрген бір аңызды қарастырайық. Ертеде бір кісінің түсіне алып құстың алдына келіп қонғаны кіреді. Оның кеудесінен есік ашылып, әлгі кісі есіктен ішке кірсе, бір қыз самсаған орындықтардың біріне отыруды ұсынады. Бұл отырған бойда алып құс ұшып кетеді. Шошып оянған ол түсін аулындағы бір балгерге жорытады. Ол оны одан сайын қорқытып: "Бір бәлеге ұшрайын деп тұрсың, дереу Бекет атаға барып, қам жасатқыз, бәледен бір алып қаласа, сол алып қалар" дейді. Ол Бекет атаға келіп, түсін баяндайды. Бекет ата ешқандай бәле жоқтығын, болашақта адамды алып ұшатын құстың пайда болу мүмкіндігін айтып, оны сабырға шақырады. Ол кезде әрине ұшақ туралы түсінік мүлде болмаған.
Түсін бақсы-балгерлерге барып жорытатын жандар қазір де жеткілікті. Олар өз түсінігі тұрғысынан қарайды. Кейде болашаққа болжам жасайды.
Түске кәсіби түрде мән беретін мамандық иесі - психоаналитиктер. Олар емделушілердің көрген түсі арқылы олардың бейсанасындағы проблемаларды танып-біледі. Мысалы, емделуші түсінде есек көргенін айтса, есекті көргенде қандай ой пайда болатынын сұрайды. Емделуші мүмкін өзін есек сияқты еңбекқор болса да, табан ақысы, маңдай тері дұрыс бағаланбай жүргеніне налитын шығар. Егер осылай болып шықса, онда маман өз еңбегі жайлы бастығымен сөйлесіп көруге кеңес берері сөзсіз.
Сондықтан жайсыз түс көрсеңіз, шешім қабылдауға асықпаңыз, жақында көрген қорқынышты фильмнің немесе оқыс оқиғаның әсері болар, бәлкім. Түсіңізді жақсылыққа жорысаңыз, көп ұзамай оған да кенелеріңіз хақ.
03 шілде 2018 ж. 1 327 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 041

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031