» » Шуба кию күнә ма?

Шуба кию күнә ма?

 

Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед ғалейһиссәләм өзінің бір сөзінде: «Тері иленсе, тазарады», - дейді[1]. Бұл дегеніміз, еті желінбейтін хайуанның терісі иленіп, белгілі өндеуден өткеннен соң таза күйге енеді деген сөз (доңыз терісінен басқа). Одан кейін, тазарған теріні түрлі кәдеге жаратуға болады. Айталық, құлақшын, тон, етік т.б. киістер тігіп, сан алуан бұйымдар жасауға болады.
Қазіргі таңдағы күзен (норка) секілді әртүрлі аң терілерінен өнделіп тігілетін ішіктерді киюдің негізінен алып қарағанда, күнәсі жоқ. Деректерге сүйенсек, Имам Ағзам Әбу Ханифаның тиін терісінен тігілген бас киімі болған. Хадисші Даххак бұлғын терісінен (соболь) тігілген құлақшын киген екен[2].
Ендігі жерде, қандай да бір хайуанға немесе аңға терісін тірідей сыпыру арқылы жапа шектіру ауыр күнә болып табылады. Ондай нәрсе – харам. Пайғамбарымыз (с.а.у.) өзінің бір сөзінде: «Алла тағала әр нәрсеге мейірімдік көрсетуді жазып қойды. Егер, өлтіретін болсаңдар ең абзал түрде өлтіріңдер (жауыздық жасамаңдар). Мал соятын болсаңдар, ең абзал түрде сойыңдар...», - деп бұйырған[3].
Басқа бір хадисте, кішкентай шымшықты ермекке өлтірген адамнан қиямет күні оның ақысын алып беретіндігіне ишара етіледі[4]. Тағы бір хадисте бір әйелдің мысықты аштан қатырғаны үшін тозаққа тасталғандығы баяндалған. Сондықтан да, мұндай жауыздыққа Исламда жол жоқ. 
Алайда, осыған қарап жаппай ішік (шуба) атаулыны кию харам дей салсақ, онымыз асығыс айтылған тұжырым болар еді деген ойдамын (Аллаһу аъләм). Неге десеңіз, мұндай бассыздық кей елде орын алып, кей елде орын алмауы мүмкін.
Әйтсе де, ішік кимеу арқылы аталмыш сорақы әрекетке бойкот жариялағым келеді десеңіз, өз еркіңіз. Ардақты Алла елшісі: «Кімде-кім бір жаман әрекет көрсе (дұрыс емес әрекет көрсе), оны қолымен өзгертсін. Оған күші жетпесе, сөзбен айтып, өзгертсін. Оған да күші жетпесе, жүрегімен жек көріп тұрсын. Бұл - иманның ең әлсіз көрінісі», - деген. 
Бірақ, бұл мәселеде әлдебір жекелеген адамдардың қарсылығымен ғана шектелмей, «Жануарларды қорғау қоғамдық қоры» сияқты жергілікті құзырлы органдар өз қарауларына алып, ондай өрескелдікке тосқауыл болулары керек.

Ihsan.kz
19 желтоқсан 2018 ж. 1 148 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 055

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031