» » Ұлттық киімдер – халық қазынасы

Ұлттық киімдер – халық қазынасы

Қазақ халқының қол өнері көне заман тарихымен бірге дамып, біте қайнасып келе жатқан бай қазына Қазақ халқының киімдерінде қаншама жылдардың көшпелі, жартылай отырықшылдық және отырықшылдық тұрмыстарының көркем өнеркәсіпшілік жетістіктері мен негізгі принциптері жинақталған. Неолит дәуірінде өру, иіру және тоқу кәсібі дамып, иықтан, мықыннан киілетін киім түрлері пайда болған. Еңбек бөлінісі күшейіп, адамдар мал, аң терілерін илеп мәнерлеу, жүн иіру, тоқыма тоқу, бояу жасау, тас күйдіріп металл өңдеуге қол жеткізген заманаларда киім-кешек түрлері де кемелдене, түрлене түсті. Көшпелі қазақтардың ішкі-сыртқы киімдері жүріп-тұруға, көшіп-қонуға ыңғайлы етіп тігіліп, негізгі түрлерге бөлініп келген.
Ұлттық киімнің негізгі құрамдас бөлігі ретінде бас киім аса ерекше көрінеді. Әдетте бас киім әйелдер және ерлер бас киімі деп бөлінеді. Ерлер бас киіміне қалпақ, бөрік, тымақ, құлақшын, жалғабай, кепеш, жапетер, тақия, қырпу жатады. Ерлердің және әйелдердің бірқатар бас киімі киізден дайындалған. Әйелдер бас киімі – желек және шалма, екеуіде ақ матадан тігілген. Әйелдердің бас киімдері: бергек, бөрік, жаулық, желек, жырға, кимешек, күндік, орамал, қарқар, сәукеле, тақия, шәлі, қасаба, бүркеніш, шылауыш. Әсіресе әйелдерге арналған бас киімдер құрастырылуының күрдерлілігімен және безендірілуімен ерекешеленеді.
Негізгі сыртқы киімдерге – шапан, күпі, тон, жақы, жарғақ, шидем, ішік, шекпен, кебенек жатады. Сырт киім тігуге жалпы үй жануарлары терілері мен жүндерінің және жабайы аңның да терілерін пайдаланған. Ұлттық сырткиімдер жасалған материалына, мәнер үлгілеріне және таралған аймақтарына, жүз, ру атауларына қарай, жабағы тон, қаптал тон, әдіпті ішік, зерлі ішік, күзен ішік т.б. деп аталған. Ертеректе қазақ халқының сырттық киімдері неғұрлым кең-мол пішіліп, көшіп-қонуға және ауа райының қолайсыз жағдайларына ыңғайландырып тігілген.
Шалбардың тарихы сонау сақ дәуірінен бастау алады. Ол салт атқа мініп-түсуге, малдас құрып отыруға өте қолайлы. Құлын және киік терісінен тігіліп, біз кестемен кестеленген жас жігіттердің бешпенті, шалбары жиі қолданылған. Балағы жырық кең шалбарды қазақта негізінен егде тартқан қартаң адамдар, үнемі ат үстінде жүретін аңшылар, сал-серілер, ақын- жыршылар киген. Қыздар киген кең балақ шалбар қарапайым пішіліп, балағын жинастырып байлайтын бау тағылған, ышқырына да бау таққан. Сырылған мата шалбарларды көктемгі, күзгі, қара суық кезінде киген. Жарғақ шалбарларды көбіне бай, мырзалар, жас жігіттер сән-салтанатқа киетін болған. Мұндай шалбарлар сыпайы әрі жеңіл болған және бағалы киім қатарына жатқан.
Аяқкиім көп кешірек пайда болған және ол киімнің басқа элементтері сияқты кең тарамаған. Олар түрлі ағаш, тері, көннен жасалған. Олар өкшелі (саптама, мөкі, сырма киіз іш етік, мәсі өкшелі аласа жайдақ етік) және өкшесіз (мәсі, пима, кебіс, бөйтік т.б.) болып бөлінеді. Әйелдердің ұлттық киімі нәзік, сәнді көрінген, ерекше әшекейленген. Әйелдердің жазғы аяқ киімдерінің ерлер аяқ киімдерінен басты айырмашылығы қонышы қысқа немесе қонышсыз, сандал пішінді болып келеді. Ердің аяқ киімдері оңы мен солын айырмайтын, бір аяғынан екінші аяғына ауыстырып кие беруге болатын етіктерді ұзақ уақыт киген. Кезінде биік өкше етік аса бағалы аяқкиім саналған. Оны көбінде жігіттер мен қыздар, келіншектер орта жастан төменгі адамдар киген. Кедейлердің киген аяқ киімдер иленбеген теріден жасалған сандалдар, шоқай деп аталынған.
Ұлттық киім – бай тарихи-мәдени мұра, оны зерттеу бізді өткен ғасырлардағы әдет-ғұрып, салт-дәстүр, халықтың хал-ахуалынан жан-жақты хабардар етеді. Ол бізге жеткен материалдық мәдениеттің жетістігі. Мағынасы кең, бағасы асыл киім-кешектерімізді өсіп келе жатқан жас ұрпаққа өзгеріссіз жеткізе білетін, егеменді еліміздің мерейін үстем етіп, тәлімі мен тағылымы мол, асулардан алқынбай асатынына сеніміміз кәміл.
Ғ.Аскербекқызы,
аудандық тарихи-өлкетану музейінің әдіскері.
22 шілде 2018 ж. 15 647 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 053

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031