» » КӨК ЖӨТЕЛДЕН САҚТАНАЙЫҚ!

КӨК ЖӨТЕЛДЕН САҚТАНАЙЫҚ!

Көк жөтел – тыныс алу жолдарын зақымдайтын, ауа-тамшы жолымен таралатын жұқпалы ауру. Аурудың қоздырғышы – Bordetella pertussis бактериясы. Көк жөтел әсіресе нәрестелер мен ерте жастағы балалар үшін қауіпті. Сондықтан аурудың алдын алу, алғашқы белгілерін дер кезінде анықтау және профилактикалық екпелерді уақытылы алу – бала денсаулығын сақтаудың маңызды шараларының бірі.
Аурудың жасырын кезеңі көбіне 5–10 күнді құрайды, кейде 21 күнге дейін созылуы мүмкін. Алғашқы белгілері қарапайым суық тиюге ұқсайды. Науқаста мұрыннан су ағу, дене қызуының аздап көтерілуі және жеңіл жөтел байқалады. Уақыт өте келе жөтел күшейіп, ұстамалы сипат алады. Жөтел ұстамасы кезінде тыныс алудың қиындауы, беттің қызаруы немесе көгеруі, кейде құсу байқалуы мүмкін. Әсіресе нәрестелерде тыныс алудың уақытша тоқтауы сияқты қауіпті белгілер кездеседі.
Көк жөтел науқас адам жөтелгенде, түшкіргенде немесе сөйлегенде ауаға бөлінетін тыныс алу бөлшектері арқылы таралады. Аурудың бастапқы кезеңінде белгілері жеңіл болғандықтан, инфекцияның айналадағы адамдарға таралу қаупі жоғары болады.
Көк жөтелдің алдын алудың ең тиімді жолы – профилактикалық екпе алу. Қазақстан Республикасының Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес балаларға көк жөтелге қарсы вакцина 2, 3 және 4 айлық кезеңдерінде салынады. Кейін 18 айында және 6 жасында қайта егу жүргізіледі. Вакцинация баланың ағзасында ауруға қарсы иммундық қорғанысты қалыптастырып, инфекцияның ауыр өту және асқыну қаупін төмендетеді.
Аурудың алдын алу мақсатында жеке бас гигиенасын сақтау, қолды сабынмен жиі жуу, үй-жайларды жүйелі түрде желдету, жөтелгенде және түшкіргенде ауыз бен мұрынды жабу маңызды. Сонымен қатар жөтел белгілері бар адамдардың нәрестелермен және кішкентай балалармен жақын қарым-қатынасын шектеу қажет.
Көк жөтелге күдік туындаған жағдайда өз бетінше ем қабылдамай, медициналық ұйымға дер кезінде жүгіну керек. Ауруды ерте анықтау және тиісті ем жүргізу инфекцияның таралуын шектеуге мүмкіндік береді.
Құрметті ата-аналар! Балаларыңыздың денсаулығына жауапкершілікпен қарап, профилактикалық екпелерді уақытылы алуды қамтамасыз етіңіздер. Екпеден негізсіз бас тарту баланың жұқпалы ауруларға шалдығу қаупін арттырады.
Есіңізде болсын, көк жөтелдің алдын алу – бала денсаулығын қорғаудың маңызды кепілі!
А.Идрисова,
Қармақшы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының басшысы 
23 қыркүйек 2026 ж. 63 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (10541)

26 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 968
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 200

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031