» » Көкжөтелдің алдын алу және сипаттамасы

Көкжөтелдің алдын алу және сипаттамасы

Көкжөтел – Bordetella pertussis бактериясы (дәстүрлі түрде «көкжөтел таяқшасы») тудыратын тыныс алу жолдарының қауіпті жұқпалы ауруы. Ауру ұзаққа созылатын спазмодикалық жөтелмен, тыныс алу, жүрек-қантамыр және жүйке жүйелерінің зақымдануымен сипатталады. Көкжөтел өте жұқпалы.
Көкжөтелмен сырқаттану және өлім-жітім көрсеткіші нәрестелер арасында ең жоғары. Себебі анадан берілетін антиденелер жеткілікті қорғаныс қамтамасыз етпейді, ал вакцинадан кейінгі иммунитет тек бірнеше доза енгізілгеннен кейін ғана қалыптасады.
Вакцинацияланбаған балаларда ауру жиі ауыр асқынулармен өтеді: тыныс алудың тоқтауы, ми қан айналымының бұзылуы, миға қан құйылу. Сирек жағдайларда соқырлық пен саңыраулық дамуы мүмкін.
Балалық шақта көкжөтелмен ауырмаған және вакцинацияланбаған ересектерде аурудың жойылған (жеңіл) түрлері жиі кездеседі. Олар көбіне ұзаққа созылатын мазалайтын жөтелмен сипатталады, әсіресе таңертең күшейеді. Мұндай жағдайда ересектер инфекцияны балаларға жұқтыруы мүмкін.
Инфекцияның жалғыз көзі – адам. Ауру ауа-тамшылы жол арқылы таралады.
Көкжөтелдің жалпы ұзақтығы 6–8 аптаға дейін созылуы мүмкін. Инкубациялық кезеңі орта есеппен 5–8 күн.
Аурудың бастапқы кезеңі 1–2 аптаға созылып, кәдімгі суық тиюге ұқсайды: дене қызуы қалыпты немесе сәл жоғарылайды, жеңіл құрғақ жөтел пайда болады, мұрыннан су ағуы мүмкін. Нәрестелерде бұл кезең қысқа әрі кейде белгілерсіз өтуі мүмкін.
Өршу кезеңінде жөтел күшейіп, біртіндеп спазмодикалық ұстамаларға айналады. Ол өзіне тән дыбыспен бірге жүретін күрт дем алумен (репризамен) сипатталады. Бұл дыбыс тыныс алғанда шығатын ерекше ысқырыққа ұқсайды. Нәрестелерде мұндай жөтел ұстамалары тыныс алудың тоқтауына әкелуі мүмкін.
Көкжөтелден қорғанудың ең тиімді жолы – вакцинация.
А.Идрисова,
Қармақшы аудандық
санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының
басшысы
23 сәуір 2026 ж. 9 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (10498)

25 сәуір 2026 ж.

№29 (10497)

21 сәуір 2026 ж.

№28 (10496)

18 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 964
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 600

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930