» » Тағамнан уланудың алдын алу – денсаулық кепілі

Тағамнан уланудың алдын алу – денсаулық кепілі

Тағамнан улану – сапасыз, дұрыс сақталмаған немесе микроорганизмдермен ластанған тағам өнімдерін тұтыну салдарынан пайда болатын жағдай. Әсіресе жаз мезгілінде ауа температурасының жоғарылауына байланысты тағам өнімдерінде бактериялардың тез көбеюіне қолайлы жағдай қалыптасып, улану қаупі артады.

Тағамнан уланудың негізгі белгілеріне жүрек айну, құсу, іштің ауыруы, іш өту, дене қызуының көтерілуі және жалпы әлсіздік жатады. Мұндай белгілер байқалған жағдайда өздігінен ем қабылдамай, медициналық көмекке жүгінген жөн.

Тағамнан уланудың алдын алу үшін:

- тағам өнімдерін сатып аларда олардың жарамдылық мерзіміне, сақтау жағдайына және қаптамасының бүтіндігіне назар аудару;
- тез бұзылатын тағамдарды тоңазытқышта тиісті температурада сақтау;
- шикі және дайын тағамдарды бөлек сақтау;
- ет, құс еті, балық және жұмыртқаны жеткілікті термиялық өңдеуден өткізу;
- көкөністер мен жемістерді тұтынар алдында мұқият жуу;
- тамақ дайындау алдында және тамақтанар алдында қолды сабынмен жуу;
- дайын тағамдарды бөлме температурасында ұзақ уақыт қалдырмау;
- белгіленбеген сауда орындарынан және санитариялық талаптарға сай емес жерлерден тағам өнімдерін сатып алмау;
- сыртқы түрі, иісі немесе дәмі күмән тудыратын тағамдарды тұтынбау қажет.

Сонымен қатар үй жағдайында дайындалған консервілерді пайдалану кезінде аса сақ болған жөн. Дайындау және сақтау технологиясы бұзылған консервіленген өнімдер ауыр тағамдық улануға, соның ішінде ботулизмге әкелуі мүмкін.

Есіңізде болсын: тағам қауіпсіздігі қарапайым санитариялық-гигиеналық талаптарды сақтаудан басталады. Сапалы өнімді таңдау, тағамды дұрыс дайындау және сақтау – тағамнан уланудың алдын алудың ең тиімді жолы.

Өз денсаулығыңызға жауапкершілікпен қарап, қауіпсіз тағам тұтыныңыз!
А.Идрисова,
Қармақшы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау
басқармасының басшысы 
20 тамыз 2026 ж. 74 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10537)

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (10536)

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 839
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 110

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930