» » Адам папиллома вирусының алдын алу

Адам папиллома вирусының алдын алу

Адам папиллома вирусы (АПВ) – кең таралған вирустық инфекциялардың бірі. Мамандардың мәліметінше, өмірінде кемінде бір рет адамдардың басым бөлігі осы вируспен кездесуі мүмкін. Сондықтан аталған инфекцияның алдын алу және халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу маңызды болып табылады.

АПВ негізінен тері мен шырышты қабат арқылы жұғады. Көп жағдайда вирус ұзақ уақыт бойы ешқандай белгі бермеуі мүмкін. Алайда кейбір түрлері теріде сүйелдердің пайда болуына әкелсе, ал қауіпті штамдары әйелдер арасында жатыр мойны обырының даму қаупін арттыруы ықтимал.

Қармақшы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы мамандарының айтуынша, адам папиллома вирусының алдын алудың тиімді жолдарының бірі – вакцинация. Вакцина ағзаны вирустың қауіпті түрлерінен қорғауға көмектеседі және онкологиялық аурулардың даму қаупін төмендетеді.

Сонымен қатар тұрғындарға келесі профилактикалық шараларды сақтау ұсынылады:
– жеке бас гигиенасын сақтау;
– профилактикалық медициналық тексерулерден тұрақты өту;
– салауатты өмір салтын ұстану және иммунитетті күшейту;
– дәрігердің кеңесінсіз өздігінен ем қабылдамау.

Әйелдер үшін гинекологиялық тексерулерден уақтылы өту аса маңызды. Ерте анықталған өзгерістер аурудың асқынуына жол бермей, тиімді ем жүргізуге мүмкіндік береді.

Адам папиллома вирусы – алдын алуға болатын инфекциялардың бірі. Әрбір азамат өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, дәрігерлердің ұсынымдарын орындаған жағдайда ғана қоғамдағы инфекциялық аурулардың таралуын азайтуға болады.

Қармақшы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тұрғындарды профилактикалық шараларды сақтауға және өз денсаулығына бейжай қарамауға шақырады.
П.Қобылашқызы,
Қармақшы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының бөлім басшысы 
17 ақпан 2026 ж. 124 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№42 (10510)

06 маусым 2026 ж.

№41 (10509)

02 маусым 2026 ж.

№40 (10508)

30 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 257
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 798

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930