» » ТАҒАМНАН УЛАНУДЫҢ АЛДЫН АЛУ – ӘРКІМНІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

ТАҒАМНАН УЛАНУДЫҢ АЛДЫН АЛУ – ӘРКІМНІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

Қазіргі таңда тамақ өнімдерінің алуан түрі нарықта кең таралған. Алайда, сапасыз немесе дұрыс сақталмаған тағам адам денсаулығына зор қауіп төндіреді. Тағамнан улану – жұқпалы аурулар қатарына жатпайтын, бірақ тез тарайтын және ауыр ағыммен өтетін уланулардың бірі.
Тағам арқылы уланудың негізгі себептері – санитариялық талаптардың сақталмауы, дайын тағамды ұзақ уақыт бөлме температурасында сақтау, шикі және піскен өнімдерді бірге ұстау, жеке гигиена ережелерін елемеу. Әсіресе, жаз мезгілінде ауа температурасының жоғары болуы тағамның тез бұзылуына ықпал етеді.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметі тағамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қоғамдық тамақтану орындарына, азық-түлік дүкендеріне және мектеп, балабақша асханаларына тұрақты түрде мониторинг жүргізіп келеді. Тексеру барысында өнімнің жарамдылық мерзімі, сақтау температурасы, қызметкерлердің медициналық кітапшалары мен гигиеналық дағдыларына ерекше көңіл бөлінеді.
Уланудың алғашқы белгілері – жүрек айну, құсу, іш өту, әлсіздік және дене қызуының көтерілуі. Мұндай жағдайда өз бетімен емделмей, дереу дәрігерге жүгіну қажет. Себебі кейбір тағамдық токсикоинфекциялар ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін.
Тұрғындарға арналған ескерту:
    •     Тамақ өнімдерін тек ресми сауда орындарынан сатып алыңыз;
    •     Жарамдылық мерзімін міндетті түрде тексеріңіз;
    •     Шикі және піскен тағамды бөлек сақтаңыз;
    •     Дайын тағамды ұзақ уақыт жылы жерде қалдырмаңыз;
    •     Қолды жиі жуып, ас әзірлеу кезінде тазалық сақтаңыз.
Тағамнан уланудың алдын алу – тек бақылаушы органдардың емес, әрбір азаматтың жеке жауапкершілігі. Өз денсаулығына бейжай қарамау – ұлт саулығының кепілі.
А.Смайлова,
аудандық санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының бас маманы

20 қазан 2025 ж. 109 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№36 (10504)

16 мамыр 2026 ж.

№35 (10503)

13 мамыр 2026 ж.

№34 (10502)

09 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 116
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 703

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031