» » Сібір жарасы

Сібір жарасы

Сібір жарасы – бұл өте қауіпті инфекция, теріде және шырышты қабаттарда ерекше көршиқандардың пайда болуымен немесе ішек пен өкпеде қабыну-геморрагиялық өзгерістердің дамуымен сипатталады, ауыр интоксикация құбылыстарымен жүреді.
Сібір жарасы инфекциясының көзі – ауыл шаруашылық жануарлары. Адамдардың инфекция жұқтыруының себептері – ауру жануарлармен байланыста болу, өте сирек жағдайда – ластанған топыраққа жанасу кезінде болады. Адамнан адамға сібір жарасы ауруы берілмейді. Адам негізінен байланыста болу жолымен жұқтырады, қоздырғыш зақымдалған тері арқылы ағзаға еніп, ауру жануарларға күтім жасау, оларды сою, тұтас етін бөлу, етті аспаздық өңдеу, жануарлар шикізатымен жұмыс істеу кезінде шырышты қабықтың микрожарақаттары арқылы жұғады.
Сібір жарасының алдын алудың негізгі қағидалары:
1. Сібір жарасының топырақ ошақтарында мал жаюға тыйым салу, ауру жануарларды жасырын союға және олардың өнімдерін сатуға тыйым салынады. Мал сою тек ветеринар дәрігердің рұқсатымен жүргізілуі тиіс.
2. Мал өнімдерін тек ветеринарлық тексеруден өтетін мамандандырылған базарлардан немесе дүкендерден сатып алыңыз.
3. Сүт және ет өнімдерін белгісіз сауда орындарынан немесе кездейсоқ адамдардан сатып алуға болмайды.
4. Малмен жұмыс істеу кезінде гигиена қағидаларын сақтап, арнайы киім мен қорғаныс құралдарын қолдану.
5. Егер алғашқы күдікті белгілер пайда болса, дереу дәрігерге жүгіну. 6. Жануарларға және халықтың тәуекел тобындағы адамдарға профилактикалық вакцинация жүргізу.
А.Әбжаппарова,
Қармақшы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының басшы орынбасары
09 шілде 2025 ж. 107 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 387
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 178

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930