» » Сібір жарасы несімен қауіпті?

Сібір жарасы несімен қауіпті?

Сібір жарасының қоздырғышы жұққан жерінде күйдіргі ауруына тән жара пайда болып, алдымен дақ (папула), содан кейін іші сұйыққа толы бөртпе (везикула) бола бастайды. Жараға айналып, айналасына екінші қатар іші сұйыққа тола бөртпе болады. Инфекцияға тән «Ожерелье» деп атайды.
Жараның ортасы қара күйік тәрізді қотырланып, (күйдіргі деп аталуы сондықтан), шеттері қызарып, іседі, басқан кезде ауырмайды. Адамның дене қызуы көтеріліп, ағзада улану белгілері байқалады. Тез арада ем қабылдамаған жағдайда арты сепсиске айналып, қайғылы аяқталуы мүмкін.
Аса қауіпті жұқпалы аурудың алдын-алу үшін эпидемиологтар тұрғындарға арнайы ветеринариялық рұқсаты бар мал өнімдерін тұтыну қажеттігін ескертеді. Сібір жарасы адамға төрт түлік малмен жанасу арқылы, яғни ауру малды сою кезінде немесе мал терісін өңдеу кезінде жұғуы мүмкін. Адамнан адамға жұқпайды.
Сібір жарасының алдын алу — ауыл шаруашылық жануарларын иммунизациялау. Үйде жеке мал болса, әр малды сібір жарасына көктем мезгілінде (сәуір,мамыр) қарсы егу керек.
Ауруға қарсы вакцина аса қауіпті инфекциямен жұмыс жасайтын зертхана мамандарына, базардағы ет сатушыларға, жартылай фабрикаттар өндірісіндегі жұмысшыларға егіледі. Мал ұстағанда және мал шаруашылығы өнімдерімен жұмыс жасаған жағдайда жеке гигиена ережелерін ұстанып, ауладағы ауылшаруашылық малдарын ұстау ережелеріне мұқият болыңыздар!
А.Идрисова,
Қармақшы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының басшысы 
18 маусым 2025 ж. 141 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 387
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 178

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930