» » Топтасқан тағамнан уланудан сақ болайық!

Топтасқан тағамнан уланудан сақ болайық!

Тамақтан улану - бұл зиянды бактериялардың, химиялық заттардың, улы саңырауқұлақтар мен өсімдіктер токсиндерінің тамаққа түсуінен ас қорыту жүйесінің бұзылуы. Жаз айларында тамақтан улану жиі тіркеледі. Тамақтан, яғни астан улану – тағам арқылы берілетін этиологиясы сан алуан кеселдер тобына жатады. Қармақшы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы жазғы маусым күндері тағамнан улану, ботулизм уланудан сақтану үшін арнайы қоғамдық тамақтану орындарында персоналдардың міндетті медициналық бақылаудан өтуіне, медициналық кітапшаларының жұмыс орынында сақталуына, күнделікті жуу залалсыздандыру ережесінің сақталуына, кеміргіштердің болмауына, тұтыну қалдықтары мен ас қалдықтарын күнделікті шығарылуына, тығыз жабылатын қақпақтарының болуына қатаң мән бере отырып санитариялық талаптардың сақталуына мән бере отырып, қоғамдық орындарда сақтық шараларын қатаң сақтауларыңызды ескертеміз!
Қандайда бір жағдайда тамақтан уланудың белгілері анықталған болса, уланудың симптомдары: Жүрек айнуы; Құсу; Сулы немесе қанды диарея; Іштің ауыруы және құрысулар; әлсіздік сезілген жағдайда тиісті медициналық ұйымдарға жүгінулеріңізді сұраймын. Симптомдар ластанған тамақты жегеннен кейін бірнеше сағат ішінде басталуы мүмкін немесе бірнеше күннен немесе тіпті бірнеше аптадан кейін басталуы мүмкін. Тамақтан уланудан туындаған ауру негізінен бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін созылады.
Жаз күндері аталған ұсыныстарды сақтау сіз бен жақындарыңыздың денсаулығын қорғауға көмектеседі. Тамақтан уланудың алдын алу – сақтық шараларын дұрыс орындауға байланысты. Денсаулығыңызды қорғаңыз!
А.Әбжаппарова,
Қармақшы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасы басшысының орынбасары 
13 маусым 2025 ж. 131 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 387
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 178

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930