» » ДЕРМАТОМИКОЗ АУРУЫНЫҢ ҚАЛАЙ АЛДЫН АЛАМЫЗ?

ДЕРМАТОМИКОЗ АУРУЫНЫҢ ҚАЛАЙ АЛДЫН АЛАМЫЗ?

Паразиттік аурулар – паразиттердің тіршілігінен туындаған ағзаның патологиялық жағдайы. Паразиттер – бұл қалыпты өмір сүру үшін қажет басқа иелерінің есебінен өмір сүретін ағзалар. Негізгі 2 түрі бар: қарапайым және гельминттер. Қарапайым түрі адам денесінде өмір сүруге қабілетті микроорганизмдер. Ал гельминттер – адам денесінде және одан тыс жерлерде де болуы мүмкін микроорганизмдер.
Осы паразиттік аурулардың ішінде дерматомикоз ауруына тоқталып өтсек. Дерматомикоз – бұл микроскопиялық саңырауқұлақтар тудыратын адам және жануарлардың жұқпалы тері ауруы. Дерматофитияның ең көп таралған түрі: микроспория және трихофития.
Ауру қоздырғыштары теріге басқа да жұқпалардың енуіне жол ашады. Сондай-ақ аллергиялық аурулардың басты себептерінің бірі болып табылады. Дерматофития өте жылдам жұғатын және тез таралатын тері ауры. Аудан бойынша жыл басынан «Дерматомикоз ауруы» өршу үстінде. Аудандар деңгейіндегі аурушаңдылық көрсеткіші бойынша ауданымыз жоғары деңгейде. 2024 жылы 18 жағдай есепке алынып, 100 мың халыққа шаққандағы көрсеткіш 20,5 пайызды құраған болатын. Осы тіркелген науқастарды кәсіби құрамына қарай бөлетін болсақ: мектептен 9, балабақшадан 2, үйдегі баладан 6, инв 1 жағдай орын алып отыр. Дерматофитиямен көбінесе балалар ауырады. Ал биылғы жыл басынан бүгінгі күнге дейін 5 жағдай тіркеліп отыр.
Аурудың көзі – осы жұқпамен ауырған жануарлар (ит, мысық, ауылшаруашылық малы) немесе науқас адам болып табылады. Науқас адамның заттарын (киім, бас киім, тарақ, қайшы, төсек жабдықтары) қолданған кезде және ауру малды қарап-күту кезінде жұғады. Сонымен қатар, көпшілікке қызмет ететін мекемелерге барғанда (сауна, жасанды су қоймасы, монша, шаштараз, спорт кешендері) жеке гигиенаны сақтамаған жағдайда жұқтырады. Аурудың жасырын кезеңі – 1 аптадан 1 айға дейін созылады. Шаштың арасында 1-2 домалақ немесе сопақша келген үлкен, қызғылт немесе алқызыл түсті қабыршақты жара пайда болады. Шаштың барлығы бір деңгейде (5-8 мм) қырқылып қалады және жылдам жұлынады. Беттің, дененің, аяқ-қолдың терісінде де домалақ, шеттері айқын көрінетін, білекше тәрізді қабынған дақ пайда болады. Жараның ортасында қабыршақтар байқалады. Бұл ауру 1-2 айға дейін ұзақ емдеуді талап етеді.
Дерматомикоздың басты белгілеріне теріде қызарған дақтардың, қабыршақтардың пайда болуы, аяқ-қол тырнақтарының пластинкаларындағы патологиялық өзгерістер, бөртпе көпіршіктердің, базданудың пайда болуы, дененің қышуы, ашуы жатады.
Дерматомикоздың алдын алу жайына келсек. Бірінші кезекте жеке бас гигиена ережелерін сақтау қажет. Сонымен қатар бассейндерде, моншаларда, жағажайда резинке аяқ киімдерді пайдалану, қоғамдық орындарға барып келген соң қолды мұқият сабынмен жуу, қаңғыбас жануарлардан аулақ жүру, үй жануарларын ветеринарлық дәрігерге уақытылы көрсетіп, қажетті екпелер алу маңызды.
Дерматомикоздың алғашқы белгілері пайда болған кезде тез арада дерматологқа көріну керек екенін есте сақтаңыздар.
А.ӘБЖАППАРОВА,
Қармақшы аудандық СЭББ басшысының міндетін атқарушы
22 ақпан 2025 ж. 60 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 401
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728