Дезинфекция Дезенцексия Дератизация туралы қысқаша түсінік
Дезинфекциялау дегеніміз - вирустар мен бактериялардан саңырауқұлақтарға дейін қоздырғыштардың көпшілігін жоятын заттары бар арнайы қауіпсіз бактерияға қарсы және вирусқа қарсы құралдарды қолдану.
Үйді тазалауға арналған антисептиктердің белсенділігі вирустардың ақуыз қабықтарын жою қабілетінде, осылайша олардың өмірлік процестері мен көбею қабілетін бұзады. Егер дезинфекциялық құралдың құрамында бактерияға қарсы және саңырауқұлаққа қарсы компоненттер болса, қорғаныс күшейеді, бұл дегеніміз үй ішіндегі адамдар да әр түрлі ингфекция көздерінен қауіпсіз болады
Әр адам өзінің үйін қалай дұрыс дезинфекциялау туралы ұсыныстарды атап өтетін болсам;
1. Күніне бірнеше рет адамдар көп байланыста болатын бөлмедегі құралдарды дезинфекциялап отыру қажет. Бұл есік тұтқалары, үстел беттері, дәретхана (унитаздың қақпағы және су төгетін бөшке), дәретхана қағазы ұстағыш, ажыратқыштар.
2. Дизенфекция құралдарын пайдалана отырып ылғалды жуу жұмыстарын жүргізу яғни еденді күніне 1-2 рет тазалау, балалар бөлмесінде жиі, әсіресе еденде жорғалап, ойнайтын кішкентай балалар болса.
3. Жатын бөлмеде және ас үйде комодтардың, тартпалар мен шкафтардың тұтқаларын, тоңазытқыштың есігі мен тұтқасы үнемі күнделікті дезинфекцияланады.
4. Күнделікті үйдегі қоқыс жәшігінен қоқысты алып тастау және оны мезгіл мезгіл бактерияға қарсы дезинфекциялау.
5. Дезинфекцияда қолданылатын губка, шүберек, еден шүберектері, қайта пайдалануға болатын майлықтар басқа мақсаттарда қолданылмайды.
6. Тазалау үшін пайдаланылатындардың барлығын бөлек сыйымдықтарда сақтау және әр тазалаудан кейін ерітінділерге батыру.
7. Дизенфекция құралдарымен үйді тазалаудан кейін пәтер немесе үйдің зиянды булану концентрациясын азайту үшін үйдің терезелерін ашып желдету қажет.
Дизенцекция-ауру қоздырғыштарын тарататын зиянды жәндіктерді жою үшін мал фермаларында, құс фабрикаларында,ет комбинаттарында, қоймаларда, т.б. қолданылатын малдәрігерлік-санитарлық шаралардың бірі болып есептеледі. Дезинсекцияның мақсаты – ауру қоздырып, тарататын жәндіктерді жою және олардың өсіп-өнуіне, көбеюіне жол бермеу болып табылады.
Денсаулық – жер бетіндегі әрбір адам үшін басты құндылық, ал тазалық, оның кепілі ретінде, кішкентай кезінен бастап белгілі, үйді тазарту – микроорганизмдермен күрестегі басты шаралардың бірі, ал бактериялар мен вирустармен сапалы күресу үшін дезинфекция қажет екенін ұмытпағандарыңыз абзал.
Г.Төлепбергенова,
Қармақшы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының басшысы