» » Жедел респираторлы вирусты инфекциясы және тұмау ауруларының эпидемиологиялық ахуалы мен алдын алу

Жедел респираторлы вирусты инфекциясы және тұмау ауруларының эпидемиологиялық ахуалы мен алдын алу

Аудан бойынша өткен жылдың қорытындысымен жедел респираторлы инфекциясымен 3357 адам медициналық көмекке жүгінген. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 1280 жағдай болса, қалған 236-сы 15-17 жастағы жасөспірімдер арасында тіркеліп, облыстық вирусологиялық зертхана қорытындысымен 3 тұмау ауруы анықталды.
Биыл жыл басынан 725 жедел респираторлы инфекциясы есепке алынды. Оның ішінде 406-сы бала, қалған 87-сі жасөспірімдердің үлесінде болып отыр.
Ал енді тұмау ауруының белгілеріне тоқталсақ. Науқас адамда дене қызуының көтерілуі, қалтырау, бас пен бұлшық еттің, сонымен қатар тамақтың ауыруы, жөтелу және әлсіздік белгілері болады.
Тұмау тез өрбиді және бірнеше күннен 2 аптаға дейін созылуы мүмкін. Сырқат дер кезінде емдік шараларды жүргізбесе өкпе қабынуы және бронхит сияқты асқынуларға әкеледі. Сондайақ бұрыннан бар жүрек пен өкпе ауруларын қайта қоздыратын инфекция болып табылады. Тұмау ауруының алдын алу шаралары – науқас адаммен байланыста болмауға тырысу, науқас адаммен байланыста болғанда міндетті түрде бетперде тағу. Инфекция таралмауы үшін қолды сабынмен немесе бактерияға қарсы құралдармен жиі жуу керек.
Жөтелгенде және түшкіргенде мұрын мен ауызды бір реттік орамалмен жабу қажет. Көп адам жиналған жерде болмауға тырысу және үйде бөлменің ауасын жиі тазарту, яғни бөлмені жиі терезе арқылы желдету қажет. Есіңізде болсын, инфекция лас қолдар арқылы оңай өтеді. Адам қолы күніне кемінде 300 рет мұрын мен көзден бөлінетін сілекеймен байланысады. Қол алысқанда, есік тұтқалары, басқа заттар арқылы вирустар сау адамдардың қолына, сол жерден мұрынға, көзге, ауызға өтеді. Сол себепті қолды жиі жуу керек, әсіресе ауру немесе науқасқа күтім жасау кезінде.
Сонымен қатар тұмау ауруынан қорғану жолдарының бірі – тұмауға қарсы екпе салдыру. Тұмау мерзімі басталғанға дейінгі ең тиімді әдіс – вакцина салдыру. Ол тұмауды жұқтыруды төмендетіп, адамдар арасында таралмауына көмектеседі. Вакцинация қауіпсіз.
Жүкті әйелдің иммунитеті әлсірейтінін ескере отырып, тұмауға қарсы егілу тиімді. Қазіргі тұмау вакцинасы бала үшін де қауіпсіз. Алайда жүктілік мерзімі 14 аптаға жетпесе, екпе салдыруға болмайды. Осы жоғарыда айтып өткен ережелерді сақтайтын болсаңыздар, тұмау ауруының алдын алуға болады. Өз денсаулығыңызды сақтау өзіңіздің қолыңызда екенін ұмытпаңыз.
Г.ТӨЛЕПБЕРГЕНОВА,
аудандық санитариялық эпидемиологиялық
бақылау басқармасының басшысы
26 ақпан 2024 ж. 278 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 036

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031