» » Дені саудың – жаны сау

Дені саудың – жаны сау

qarmaqshy-tany.kz Кез келген елдің болашағы – халқының денсаулығына байланысты екенін дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. Ал біздің болашақтағы бағытымыз – салауатты өмір салты. « Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дегенді өсіп келе жатқан ұрпақтың санасына сіңіріп, олардың өз денсаулығына деген жауапкершілікті қалыптастыру баршаның борышы.
Денсаулық дегеніміз – адам жаны мен тәнінің амандығы. Сондықтан денсаулығымызға көңіл бөліп, дұрыс сақтанғанымыз жөн.
Қазіргі таңда әрбір 10-шы ересек тұмаумен ауырса, балалар арасында әр 3-шісі тұмаумен аурады. Аурудың 80% жеңіл түрде өтеді. Бұл кезде тұмаудың алдын алуға мүмкіндік бар. Тұмау белгілері: дене қызуының көтерілуі, қалтырау, бас пен бұлшық ет, тамақтың ауыруы, жөтелу және әлсіздік.Тұмау тез өрбиді және бірнеше күннен 2 аптаға дейін созылуы мүмкін. Сырқат өкпе қабынуы және бронхит сияқты асқынуларға әкеледі. Сондай-ақ, бұрыннан бар жүрек пен өкпе ауруларын қайта қоздырады.
Тұмауға шалдыққанда ауруды таратпау және емделу шаралары:
үйде отбасының басқа мүшелерінен оқшаулану;
аурудың алғашқы белгілері байқалғанда-ақ дәрігер шақыру;
бір реттік орамал пайдалану;
дәрумендерге бай сұйықтықтар ішу;
дәрігердің нұсқауына сай ем қабылдау.
Алдын алу шаралары:
науқас адаммен байланыста болмауға тырысу;
науқас адаммен байланыста болғанда бетперде тағу;
инфекция таралмауы үшін қолды сабынмен немесе бактерияға қарсы
құралдармен жуу;
жөтелгенде және түшкіргенде мұрын мен ауызды бір реттік орамалмен жабу;
көп адам жиналған жерде болмауға тырысу;
бөлменің ауасын жиі тазарту.
Осы қарапайым ережелерді қолданып, денсаулығыңызды сақтаңыздар.
06 қаңтар 2023 ж. 771 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№74 (10442)

30 қыркүйек 2025 ж.

№73 (10441)

27 қыркүйек 2025 ж.

№72 (10440)

23 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 544
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 340

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031