» » Сырқат дендемесін десек...

Сырқат дендемесін десек...

Еліміздің барлық аймақтарында жылдың суық кезеңі басталды. Осы кезде суық тиіп, тұмауратып қалуыңыз әбден мүмкін. Тұмау – жұқпалы ауру. Онымен үлкен де, кіші де ауырады. Сонымен бірге бұл сырқат жыл сайын қайталап ел арасына тез тарап отырады. Кей жағдайларда тұмау тек жекелеген адамдар арасында ғана кездеседі. Ал кейде осы жеке адамнан басталып тұмау аз уақыт ішінде бүкіл қалаға немесе бүкіл елге тіпті бір құрлыққа, қала берді дүниежүзі елдерінің бәріне жайылып кетуі ықтимал. Мұндай жағдай тұмаудың пандемиясы деп аталады. Мысалы, 1918 жылы бүкіл дүниежүзін қамтыған тұмау пандемиясынан 20 миллион адам қаза тапқан. Ал соңғы жылдары тұмау пандемиясы 1957 жылы байқалды.
Иммунитеті әлсіз, аурушаң жандар қыс бойы бір емес, бірнеше рет тұмау ауруына шалдығады. Жыл сайын тұмау ауруының жаңа түрлері пайда болып, олардың денсаулыққа зияны артып келеді. Тұмау эпидемиясы, мектеп пен балабақшалардағы карантин, вирустардың түрлілігі бізді еріксіз вакцина жайлы ойлауға итермелейді. Ерекше қауіп төндірмесе де, тұмау жыл сайын бәріміздің басымыздан бір рет болса да өтіп, бір аптаға бізді сабақтан, жұмыстан қалдыратын жайсыз ауру болып табылады. Ауруды өткеруді жеңілдетіп, тұмаудан сақтап қалуға тұмауға қарсы вакцинаның өзіндік көмегі бар.
Негізі вирустың әсеріне егуден өткен де, одан бас тартқан да түсе алады. Вакцина ауруды мүлдем болдырмайды емес, ол тек аурудың тез өтуін қамтамасыз етіп, асқынудан сақтайды. Шешек, қызылша сынды аурулардан өмір бойына бір рет қана вакцина егу керек екендігі рас. Бірақ тұмау вирусы басқаша. Тұмаудың айлакер вирусы маусым сайын өзгеріп отырады, демек былтырғы салынған вакцина сізді биыл мүлдем қорғай алмауы мүмкін. Сонымен қатар тұмаудың вакцинасы әсерін 3-4 ай ғана сақтайды.
Тұмауға қарсы вакцина шын мәнінде жұмыс істейді, ол сізді эпидемия кезінде аурудан сақтап, тұмауға шалдыққан жағдайда, ауруды тез әрі жеңіл өткеруге көмектеседі. Бір ескерерлігі, вакцина барлық адамға тегін салынбайды. Ол арнайы белгіленген контингентке ғана ақысыз егіледі. Ал өзге санаттағы адамдар өз қалауымен ақылы түрде екпе ала алады. Дегенмен, бір вакцинаға кететін қаражат ертең ауырып қалған жағдайда дәрілерге кететін ақшадан әлдеқайда аз. Сонымен қатар сабағын және жұмысын қалдырғысы келмейтіндерге алдын ала вакцина жасатқан дұрыс.
Кішкентай бүлдіршіндер үлкендерге қарағанда тұмауды қиын өткереді. Сол себепті балаларға да екпе жасатқан дұрыс. Вакцина балалар арасындағы аурудың асқынуын 30%-ға төмендетеді. Жүкті әйелдер вакцинаны жүктіліктің 14-ші аптасынан кейін жасатқаны дұрыс. Алайда мына жайды да ескерген абзал. Жұмыртқа ақуызына аллергиясы бар, өзге аурулары асқынып, дене қызуы көтеріліп тұрған, бұрын тұмауға қарсы вакцинаға кері әсері болған адамдарға тұмауға қарсы екпе алуға болмайды. Біздің ауданда да тұмауға қарсы екпе салынуда.
– Ауданға 3200 дана тұмауға қарсы вакцина келді. Егілуге тиісті контингенттер бойынша медицина қызметкерлері – 517, Д есепте тұратын балалар – 222, ересектер – 1294, мектеп жанындағы интернаттағы балалар – 17, 60 жастан асқандар – 697, мүгедектер – 273, жүктіліктің 2 немесе 3 триместріндегі эпидкөрсеткішке сәйкес жүкті әйелдер – 51, иммунитеті әлсіреген ересектер мен балалар – 129. Осы жоғарыда көрсетілген мәлімет бойынша қазіргі таңда егіліп болды, – дейді ауданның бас санитар дәрігері Гүлнар Төлепбергенова.
Әсіресе қыс айларында тұмаумен ауыратындар көбейіп кетеді. Сондықтан да бұл жұқпалы ауру тез тарап кетпес үшін алдын ала шаралар қолдану басты міндет. Өйткені бұл ауру адамдар арасында тез тарайды да, адам ағзасының тұрақтылық және қарсылық білдіретін күшін әлсіретіп, ескілікті созылмалы ауруы болса оны қоздырады. Ал аурудың басқа түрлерімен сырқаттанған адамдардың денсаулығына кері әсер етіп, асқындырып жібереді. Сондықтан сырқат дендемесін десек, денсаулығымызға салғырт қарамайық.
Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ
06 қазан 2022 ж. 493 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 026

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031