» » Тұмау деміктірмесін

Тұмау деміктірмесін

Тұмау – жоғары тыныс алу жолдарының зақымдалу белгілерімен сипатталатын жұқпалы инфекциялық ауру. Бұл барлық жастағы адамдар мен балаларға әсер ететін вирустық инфекция. Тұмау эпидемиялары жыл сайын, әдетте суық мезгілде болады. Дүние жүзінде тұмау және жіті респираторлық вирустық инфекциялар ауруының саны бойынша бірінші орында тұр. Олардың жұқпалы аурулар құрылымындағы үлесі 95 пайызға жетеді. Ауру адамнан сау адамға жөтелгенде, түшкірген кезде ауа тамшысы арқылы беріледі.

Фото
Халқымызда «Тұмау түбі – құрт, тұман түбі – жұт» деген сөз бар. Тұмауды жеңіл ауру деп қарауға болмайды. Тұмаудың негізгі белгілері – дене қызуының көтерілуі, қалтырау, бас пен бұлшық ет, тамақтың ауыруы, жөтелу және әлсіздік. Тұмау тез өрбиді және бірнеше күннен 2 аптаға дейін созылуы мүмкін. Сырқат өкпе қабынуы және бронхит сияқты асқынуларға әкеледі. Тұмау температураның күрт көтерілуімен (кейбір жағдайларда 40,5 градусқа дейін), жарыққа сезімталдықтың жоғарылауымен, бүкіл дененің ауырсынуымен, сондай-ақ бас және бұлшық ет ауырсынуымен сипатталады. Алдын алу үшін науқас адаммен байланыста болмауға тырысу, науқас адаммен байланыста болғанда бетперде тағу, инфекция таралмауы үшін қолды сабынмен немесе бактерияға қарсы құралдармен жуу, жөтелгенде және түшкіргенде мұрын мен ауызды бір реттік орамалмен жабу, көп адам жиналған жерде болмауға тырысу, бөлменің ауасын жиі тазарту. Сондай-ақ тұмауға қарсы екпе салдыру.
Тұмау мерзімі басталғанға дейінгі ең тиімді әдіс – вакцина салдыру. Ол тұмауды жұқтыруды төмендетіп, оның адамдар арасында таралмауына көмектеседі. Вакцинация халықтың барлық топтарына ұсынылады. Әсіресе қауіпті контингенттер, яғни медицина қызметкерлері, медициналық ұйымдарда диспансерлік есепте тұрған балалар, алты айдан асқан әлсіреген және жиі ауыратын балалар, сәбилер үйлерінің балалары, қарттар мен мүгедектер үйлерінің контингенті, жүктіліктің екінші немесе үшінші триместріндегі жүкті әйелдер және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша тұрғындар міндетті түрде алғаны жөн.
Тұмауға қарсы вакцина негізінен қыркүйек-қараша айларында жүргізіледі. Тұмауға шалдыққанда ауруды таратпау үшін үйде отбасының басқа мүшелерінен оқшауланып, аурудың алғашқы белгілері байқалғанда-ақ дәрігер шақырып, бір реттік орамал пайдаланған жөн. Сонымен қатар, емделу барысында дәруменге бай сұйықтық ішу, дәрігердің нұсқауына сай ем қабылдау қажет.
Бұл вирус ауа-тамшы жолы арқылы таралатындықтан күнделікті гигиена сақтау, үй ішін уақытылы желдетіп, ауаны тазарту, сондай-ақ, саламатты өмір салтын ұстанып, пайдалы, құнарлы тамақтануды қолға алу керек. Мұрын мен ауыз қуысын ұдайы тұзды ерітіндімен шайып, су немесе қант қосылмаған шырындар мен шайды көбірек ішкен пайдалы. Жоғарыда көрсетілген сақтану шараларын назарға ала отырып, өз денсаулығымызды сақтайық.
Гүлфараз ЖҰМАБЕКОВА,
аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау
басқармасының эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің
жетекші маманы
21 қаңтар 2024 ж. 195 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 035

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031