» » Дезинфекция. Дезинсекция. Дератизация.

Дезинфекция. Дезинсекция. Дератизация.

Дезинфекция - науқаспен байланыста болған адамдардың инфекциясын болдырмайтын маңызды шаралардың бірі. Адам мен жануарларда, өсімдіктерде ауру қоздыратын микроорганизмдерді жоюға бағытталған шаралар жүйесі.
Залалсыздандыру дегеніміз – вирустар мен бактериялардан саңырауқұлақтарға дейін қоздырғыштардың көпшілігін жоятын заттары бар арнайы қауіпсіз құралдарды қолдану. Дезинфекция шарасы механикалық, физикалық және химикалық әдістермен жүргізіледі.
Дезинфекцияның механикалық әдісі:
1. Бөлме ішіндегі жиһазды жуу.
2. Киімді, төсек орынды, төсек заттарын қағу.
Дезинфекцияның физикалық әдісі:
1. Күн сәулесін қолдану.
2. Бөлмедегі ауаны және бөлмені ультракүлгінмен сәулелендіру.
3. Қоқыстарды өртеу.
4. Ыстық үтікпен үтіктеу.
5. Пастерациялау.
Химиялық залалсыздандыру қышқылда мен сілтілер, құрамында хлоры бар препараттар, формалин, фенол препараттары т.б., қолданылады.

Дезинсекция – адамдар, жануарлар және үй-жайларды жәндіктер мен басқа да буынаяқтылардан қорғау мақсатында оларды жою бойынша профилактикалық іс-шаралардың кешені.
Дератизация – егеуқұйрықтар мен тышқандарға, атжалмандар мен суырларға, сондай-ақ саршұнақтарға және т.б. зиянды кеміргіштерге қарсы қолданылатын алдын алу шараларының жүйесі.
Дезинфекция, дезинсекция, дератизация – жүргізу инфекциялық аурулардың алдын алуға бағытталған міндетті санитарлық-эпидемияға қарсы іс-шаралар кешенінің ажырамас бөлігі болып табылады.

Г.М.Төлепбергенова,
Қармақшы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының басшысы
18 желтоқсан 2024 ж. 534 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (10465)

20 желтоқсан 2025 ж.

№96 (10464)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 108
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 757

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031