» » ЖРВИ алдын алу шаралары

ЖРВИ алдын алу шаралары

Қармақшы ауданы бойынша 2024жылдың қорытындысымен 6541 адам ЖРВИ мен медициналық көмекке жүгінді. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар 4290 жағдай, 15-17 жас аралығындағылар 790 жағдайды құрайды. Тұмау ауруы тіркелген жоқ.
ЖРВИ (жедел респираторлық-вирустық инфекция) немесе тұмау – бұл барлық жастағы және ер адамдармен әйелдерге және балаларға әсер ететін ауыр вирустық инфекция. Тұмау эпидемиясы жыл сайын, әдетте, суық мезгілде болады. Тұмау вирусы өте оңай таралады: инфекцияның ең көп тараған жолы - ауа тамшылары. ЖРВИ кезінде бірінші кезекте тыныс алу ағзалары зардап шегеді. ЖРВИ тез таралады және көпке созылмайды. Қоздырғыштар жөтелу, түшкіру, сөйлесу кезінде ауа арқылы науқас адаммен байланыс жасаған кезде жұғады.
ЖРВИ белгілері күтпеген жерден пайда болады және бірнеше сағат ішінде сіздің денеңізді толығымен басып алады; Температураның күрт жоғарлауымен, жарыққа сезімталдықтың жоғарылауымен, бүкіл дененің ауырсынуымен көрінеді.
Тұмаудың белгілері жасырын кезеңі - 5, 6 сағаттан 3 тәулікке дейін созылады. Осы уақыт аралағында вирус ауыз бен мұрынның шырышты қабаттары арқылы ағзаға еніп үлгереді, ал иммундық жүйе сол уақытта оған кедергі жасау әрекет жасайды. Инкубациялық кезеңнен кейін аурудың мынандай белгілері пайда болады.
1. Тұмау, мұрынның бітелуі, түшкіру, тамақтың жыбырлауы сияқты аурудың бастапқы белгілері.
2. Әлсіздік, сырқырап ауыру.
3. Аурудың алғашқы сағаттарында температура көтеріледі. 400 дейін және тіпті одан да жоғары қатты қызбаға тән.
4. Құрғақ жөтел пайда болады, ол бірте-бірте ылғалды, қақырық бөлінетін жөтелге айналады.
Алдын алу шаралары.
ЖРВИ алдын алуға бағытталған шараларды жыл бойы сақтаған жөн: дұрыс тамақтану, шынығу иммунитетті арттырып, тұмауға қарсы тұрудың оңтайлы амалдары. Тұмаудан алдын алудың ең тиімді тәсілі оған қарсы екпе алу. Вакцинациялау – ЖРВИ алдын алу дың негізгі медициналық әдісі. Вакцинаны індет басталғанға дейін 1-3 ай бұрын егіледі.
- С дәруменнін қабылдау қажет.
- Індет кезінде адам көп шоғырланған жерден аулақ болу.
- Үнемі үйді ылғалды тазалап, желдетіп отыру.
ЖРВИ немесе тұмау – ауыр және қауіпті дерт. Алайда сіз салауатты өмір салтын ұстансаңыз тұмаудың алдын алудың тиімді жолы.
Өз денсаулықтарыңыз өз қолдарыңызда!
Г.М.Төлепбергенова,
Қармақшы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының басшысы 
16 қаңтар 2025 ж. 86 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 321
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031