» » Сақ болыңыз, ботулизм!

Сақ болыңыз, ботулизм!


Ботулизм дегеніміз – жалпы организмнің улануына әкеліп соғатын нерв жүйесінің зақымдануымен жүретін, аурудың ауыр түрі нәтижесінде тез арада өлімге әкелетін тамақтан уланудың бір түрі.
Ботулизмнің қоздырғышы С.botulinum анаэробты жағдайда ауа жоқ жерде көбейеді, әсіресе дұрыс жабылмаған банкілерде, үй жағдайында консервіленген азықтарда, баялды (баклажан), қияр, саңырауқұлақ, балық, салаттарда көптеп кездеседі.
Ботулизмнің негізгі белгілері және клиникалық көріністері:
- қатты шаршағыштық, әлсіздік және бас айналу;
- көздің көруінің нашарлауы «бұлыңғырлану», көз алдының «торлануы», заттың қосарланып көрінуі, қабағының түсуі (птоз);
- сілекей секрециясының бұзылуы, ауыздың құрғауы, жұтынудың қиындауы, шашалып қалу, көмейінде бөгде зат тұрып қалғандай сезіну;
- дауыс желбезегінің зақымдануы, мұрыннан сөйлеу, тілінің күрмеленуі;
- тыныстың бұзылуы;
- іш өту, құсу.
Ботулизмнің алдын алу жолдары:
- консервілеу алдында өнімдерді ағынды судың астында бірнеше рет тазалап жуу;
- консервілеуге арналған банкілерді стерилизациялау режимін сақтау;
- өнімдерді консервілеу режимін сақтау, сірке суын немесе лимон қышқылын міндетті түрде пайдалану;
- қақпағы көтерілген (бомбаж), дәмі мен түсі бұзылған банкілерді пайдаланбау және олардың дәмін де татпау. Мұндай банкілер жедел түрде жойылуы тиіс;
- үй жағдайында әзірленген консервіленген өнімдерді пайдаланар алдында жылумен өңдеу (15-20 минуттай қайнату немесе қуыру);
- үй жағдайында жасалған салаттар, саңырауқұлақ, қиярлар, қақталған балық, сан еттер т.б. белгіленбеген базарлардан сатып алмау;
- аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде өнім қалдықтарын зертханалық бақылау үшін сақтау.
Ботулизмнің алғашқы белгілері пайда болған кезде, тез арада медициналық көмекке жүгініңіз, бұл Сіздің денсаулығыңыз бен өміріңізді сақтап қалады!
Г.Төлепбергенова,
Қармақшы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының басшысы 
17 желтоқсан 2024 ж. 297 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 072
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 732

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031