» » Ботулизм ауруының алдын алу шаралары

Ботулизм ауруының алдын алу шаралары

Ботулизм - жалпы организмнің улануына әкеліп соғатын инфекциялық аурудың ауыр түрі. Ауру қоздырғышын 1896 жылы голландия ғалымы Эван Эрменгем ашқан. Ботулизм CIostridium botuIinum таяқшасы бөліп шығаратын улы затпен (токсин) бүлінген тамақтан жұғады. Ботулизм қоздырғышы табиғатта кең тараған, топырақта мекендейді. Бактерия көбейеді және тіршілік етуіне токсин өндіреді.Токсиндер вегетативті формада өндіріледі 80С температурада 30 минутта, қайнатқанда 30 минут аралығында жойылады. Ботулизм адамдарға көкөністен, саңырауқұлақтан, еттен, балықтан технологиялық ережесі сақталмай дайындалған әр түрлі консервіленген тағамдарды пайдаланылғанда жұғады. Ауру бергілері 2-12 сағаттан кейін байқалады, адамның басы аурып, ұйқысы қашады, лоқсып құсады, әлсіреуі байқалады, аузы құрғап үнемі шөлдеп тұрады. Сонымен қатар көздің қарашығы ұлғайып, зат қосарланып көрінеді, адамның жұтынуы ауырлайды, бірте –бірте дауысынан айырылады. Ботулизмнің алғашқы белгілері анықталған жағдайда жедел ауруханаға жатқызу керек. Ботулизм ауруы-бұл тамақтан уланудың ауыр түрі, уақытылы дәрігерге көрінбесе өлімге әкеліп соқтыру мүмкін. Бұл аурудан сақтану үшін азық түлікті өңдегенді тасымалдағанда, сақтағанда, дайындағанда, соның ішінде үйде консервілегенде санитариялық-гигиеналық ережелерді мұқият сақтау, консервілерді стерилизациялау, сонымен қатар үйде дайындалған консервілерді қолданудың алдында 10-15 минут қайнату керек сонда ботулотоксин тіршілігін жояды. Ботулизм - ауруының алдын алу мақсатында базар, сауда нысандарынан, белгіленбеген сауда орындарынан үй жағдайында дайындалған, қолдан дайындалған көкөніс салат, ет, балық өнімдерін сатып алуға болмайды. Сатып алыған тағамдарыңызыдың қауіпті емес екендігіне көз жеткізіңіз, өнімінің сыртқы келбетіне, жарамдылық мерзіміне, сақталуына аса мән беріңіз. Консервіленген өнімдерді пайдалану алдында қақпағы күмпиген (ісінген) бомбаж және «бұлыңғыр» түрдегі өнімді пайдаланбаңыз.
Жеміс –жидек, көк өністерді міндетті түрде жуып тазалап алуды әдетке айналдырғаныңыз абзал.
03 ақпан 2023 ж. 458 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 027

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031