Жедел ішек жұқпаларының алдын алу жолдары
Жіті ішек жұқпалары жұқпалы аурушаңдықтардың ең алдыңғы қатар орындарында, сондықтан да олардың алдын алуының өзі әлеуметтік маңыздылығын көрсетеді.
Ішек жұқпасы – бұл ең алдымен ас қорыту жолын зақымдайтын жұқпалы аурулар тобы. Зақымдану адам ағзасына ауыз арқылы жүреді. Әдетте, жұқпаның қоздырғышы тағамда не болмаса суда болады. Жұқпалы аурулардың отыз шақты түрі бар. Олардың ең жеңіл жүретін түрі – тағамнан улану, ал ең қауіптісі – тырысқақ пен іш сүзегі, ботулизм және т.б.
Ішек жұқпаларының қоздырғыштарына жататындар:
- бактериялар (тырысқақ пен іш сүзегі, сальмонеллезқоздырғыштары), олардың токсиндері (ботулизм);
- вирустар ( энтеровирустар, ротавирустар) және т.б.
Ауруға шалдыққан адам мен жұқпа тасымалдаушы адамнан микроб сыртқы ортаға нәжіс, құсу арқылы кейбір жағдайдарда кіші дәрет арқылы шығады. Жұқпа қоздырғыштардың барлық түрі өте төзімді болып келеді.
Олар топырақта, суда және әр түрлі заттардың үстінде көп уақыт сақталып қалады. Мысалы қоздырғыштар ыдас-аяқта, есік тұтқаларында және жиһазда болады. Ішек микроптары суыққа төзімді болып келеді, алайда олар жылы және ылғалды жерлерді ұнатады.Микроптар сүт тағамдарында, тартылған етте, ұйымада (холодецте) сонымен бірге суда өте тез көбейеді ( әсіресе жаз мезгілінде).
Жіті ішек жұқпаларының аурушаңдығының 25,0% тұрғындардың арасынан бей-берекет көше бойындағы сатылатын тағамдарды пайдаланған кезде кездеседі.
Бей-берекет көше сауда бойында маринадталған саңырауқұлақтар, сут және сүт тағамдары (ірімшік, қаймақ), балық және жұмыртқа тағамдарын сатып алған кезде, сақталу мерзімі өтіп кеткен консервіленген тағамдарды пайдаланғанда, демалуға шыққанда немесе жай ғана қолды және жеміс-жидектерді жууды ұмытып кеткен кезде ішек таяқшаларының қоздырғыштарын жұқтыруға болады.
Жіті ішек жұқпасының микроптары адам ағзасына ауыз арқылы түсіп, Сау адамның ағзасына микроп ауыз және кір қол арқылы түседі.
Микроп ауызға түсіп, асқазанға жетеді де, ол жерде көбейе бастайды. Аурушаңдыққа шалдыққаннан кейін иммунитет төмендейді.
Жіті ішек жұқпалары кезінде аурушаңдық қоздырғыштары аурушаңдықтың алғашқы белгілерінен білінеді, ұзақтығы орташа есеппен 7-10 күн, ал кей кездері бірнеше айға дейін созылады.Аурушаңдық қоздырғыштарының өмірге икемділігі жуылмаған ыдыс-аяқтарда, азық-түлік өңімдерінде бірнеше сағаттан бірнеше айға дейін сақталуы мүмкін.
Мысалы, сүт, нан және ет өңімдерінде өмірге икемділіктері бірнеше тәулікке дейін, ал ойыншықтарда және басқа да заттарда кемінде 3 айға дейін.
Көккөністер, жемістер және басқа да жидектерді ағын сумен суарған кезде жұқтырып алуы мүмкін.
Жіті ішек жұқпалары таралу жолдары кандай?
Таралу жолдары әр түрлі болуы мүмкін, бірақ ең басты белгілері – су, тамақ және тұрмыстық-байланыс жолдары арқылы(ойыншықтар арқылы).
Жіті ішек жұқпаларының пайда болуының негізгі себептері бей-берек көше сауда бойында.сатып алынған көкөністер, жидектер, салаттарда және де сүттен жасалынған өңімдерден( ірімшік, кілегей).
Жіті ішек жұқпаларын көбіне балалар шалдығады, өйткені сүт өңімдерін ең көп пайдаланатын да балалар. Жіті ішек жұқпаларын балалар көбіне балалар мекемелерінде жүрген кездерінде, қоғамдық тамақтану орындарында аурушаңдық қоздырғыштарын жұқтырып алады.
Жіті ішек жұқпасын болдырмау үшін қарапайым ережелерді сақтаған жөн:
- Тамақтанар алдында және дәретханадан кейін, сырттан серуендеп келегенде қолды сабындап жуу керек.
- Суды тек қайнатып қана ішу керек. Ашық суқоймаларынан, арықтан суды ішуге болмайды.
- Жеміс-жидектерді мұқият жуып, ыстық сумен шайқап жеу керек.
- Шөлмектегі және пакеттегі сүтті қайтанып ішкен дұрыс.
- Етті кем дегенеде 2-2,5 сағат, ал балықты 30 мин қайтану керек.
- Дайын тағам мен шикі тағамдарға ортақ кесетін тақтай пайдалану дұрыс емес.
- Майонез не маймен араласқан салаттарды 3 сағаттан ұзақ сақтауға болмайды.
Көкеністер, жартылай фабрикаттар 6 сағатқа дейін ғана сақталу керек.
- Егер тағам 5 сағатта ұзақ сақталса, оны қайнатып пайдаланған жөн. жаңа әзірленген тағамды тұрып қалған атағамммен араластыруға болмайды.
- Тез бұзылатын тағамдарды тоңазытқышта сақтау керек.
- Арнайы рұқсат етілген су қоймаларында ғана шомылу керек.
- Үйдег тағамдардың қалдықтарын дер кезінде қоқысқы шығарып тұру керек.
Көше бойынша сатылатын тағамдарды сатып алуға болмайды.
Егер сізде ішек жұқпасының алғашқы белгілері пайда бола бастаса, дереу дәрігерге көрініңіз. Өздігінен ем қолдануға болмайды, әсіресе антибиотиктерді пайдаланбаңыз. Бұл әртүрлі асқынуларға әкеледі немесе бактерия тасымалдаушылыққа себеб болады. осының салдаыран отбасында не болмаса байланыста болған басқа адамдардың арасында ішек жұқпасының қайталану жағдайлары болады.
Естеріңізде болсын! Жеке бас гигиенасын сақтау, тұрғын жайларды таза ұстау арқылы Сіз өзіңізді және қоршаған адамдарды ішек жұқпаларынан қорғай аласыз.
Г.А.Амантаева
ҚР ДСМ СЭБК «ҰСО» ШЖҚ РМК
Қызылорда облысы бойынша филиалының
Қармақшы аудандық бөлімшесінің
Бактериологиялық және паразитологиялық
зерттеулер зертханасының зертханашысы