» » Тырысқақ- аса қауіпті жұқпалы ауру

Тырысқақ- аса қауіпті жұқпалы ауру

Тырысқақ басқа жіті ішек жұқпаларынан клиникалық ағымының ауырлығымен, жоғары өлім-жітімімен және салыстырмалы түрде қысқа мерзімде ауқымды аумақтарға таралып, халықтың көпшілігіне жұқтыру қабілетімен ерекшеленеді.
Жұқпа таралуының жалғыз көзі – ауру адам немесе тырысқақ бойынша қолайсыз аймақтан келген қоздырғышты нәжіс немесе құсық арқылы бөлетін вибриотасымалдағыш. Мұндай жұғу жолы – ауыз - нәжістік деп аталады. Қоздырғыш жұқтырылған тамақ және су арқылы адам ағзасына түседі, ауру адаммен қатынаста болғанда немесе тұрмыстағы заттарды пайдаланғанда жұғады. Тырысқақ ауруының таралуына судың маңызы зор. Әсіресе су арқылы жұққан кезде ауру бір мезгілде бұрқ етіп, халық арасында лезде тарайды. Қоздырғышпен ластанған суды ішкенде, шаруашылыққа пайдаланғанда немесе жеміс-жидектерді, көкөністерді жуып, шайған кезде адамға жұғады. Қоздырғыш суда, сүтте, ағынды суларда ұзақ уақыт бойы сақталады.
Тырысқақтың жасырын кезеңі (науқас жұқтырған сәттен бастап аурудың алғашқы белгілері пайда болғанға дейін аралық) 1-5 күнге дейін, көбінесе 2-3 күнге созылады.
Тырысқаққа тән белгі аурудың бірден жедел түрде, аяқ астынан басталуы. Аурудың алғашқы белгісі іштің бірнеше рет өтуі. Науқастың іші ауырмайды,дерттік күшену болмайды және нәжіс сұйық, түсі лайлы ақ түсті келеді. Науқастың нәжісі күріштен жасалған қайнатпаға қатты ұқсас болады. Сонымен қатар науқаста үсті-үстіне құсу белгілері байқалады. Тырысқақ ауруының белгілері пайда болған жағдайда дереу дәрігерге жүгіну қажет. Медициналық көмекке ерте жүгіну тырысқақты тиімді емдеуге және асқынудың алдын алуға мүмкіндік береді.
Аурудың алдын алу мақсатында жаз маусымында арнайы белгіленген жерлерге шомылып, көкеніс пен жеміс –жидектерді таза суға қайта-қайта жуып пайдаланған абзал. Сондай-ақ жеке бас сақтық гигиенасын, әсіресе балалар арасында қатаң түрде қадағалау қажет. Ауыз суды міндетті түрде қайнатып ішу қажет. Тұрмысқа қажетті ыдыс–аяқтарды жууға және күнделікті пайдалануға қажет ауыз суды ашық айдын, көл, арықтардан алынған суды пайдаланбау керек. Дайындалған тағамдарды ашық қалдыруға болмайды. Үй іші мен аулаңыздың тазалығын қатаң түрде сақтаған жөн. Ас ішер алдында, сырттан келгенде, дәретханадан кейін қолдарыңызды жақсылап сабындап жуыңыз. Тәні саудың жаны сау демекші, денсаулығыздың мықты болуы тек өз қолыңызда екенін естен шығармағаныңыз жөн.
Г.Төлепбергенова,
Қармақшы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының басшысы 
24 мамыр 2024 ж. 354 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 274

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 371

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930