» » Туберкулез қандай ауру?

Туберкулез қандай ауру?

Туберкулез аурушаңдық деңгейін салыстыратын болсақ Қармақшы ауданы бойынша эпидемиологиялық ахуалы 2024 жылдың бүгінгі күніне дейін 31 науқас тіркеліп отыр. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы бірқалыпты, барлығы уақытылы ем алуда.
Туберкулез – бұл инфекциялық ауру, қоздырғышы Кох таяқшасы. Туберкулез – бұл өкпенің және лимфа түйіндерінің ерекше қабынуымен, сонымен қатар адамның барлық ағзаларының – сүйектердің, мидың, терінің, көздің зақымдануымен жүретін жұқпалы ауру. Инфекция көзі өкпе туберкулезімен ауырған адам болып табылады. Туберкулезбен ауыратын адам жөтелген, түшкірген, сөйлескен кезде ауру қоздырғышы бар қақырық тамшыларын таратады. Жұқтыру үшін адамға бактериялардың аз ғана мөлшерімен дем алғаны жеткілікті. Ауру адаммен ұзақ және тығыз байланыста болғанда ауруды жұқтыруға болады. Аурудың жұқтыру қаупіне көбінесе отбасы мүшелері, қызметтестері мен достары. Туберкулез қоздырғышының сыртқы ортада ұзақ уақыт сақталу қабілеті бар, олар көгерген үй-жайларда адам үшін қауіпті, олар сол жерде жылдар бойы өмір сүруге қабілетті.
Туберкулез ауруды жұқтыруға ықпал етеді:
- Дұрыс және жеткіліксіз тамақтанбау;
- Нашар тұрмыстық жағдай;
- Стресстік жағдай;
- Темекі шегу;
- АИТВ/ЖИТС;
- Маскүнемдік, нашақорлық;
- Созылмалы аурулар (өкпе, қант диабеті, жара ауруы)
Туберкулездің негізгі белгілері:
* Екі аптадан артық уақыт созылмалы жөтел;
* Дене салмағының азаюы;
* Дененің қызуы 37-380С көтерілуі;
* Тершеңдік;
* Жалпы әлсіздік, тез шаршау;
* Тәбеттің жоғалуы.
Туберкулездің алдын алу жолдары.
1. Туған кезде БЦЖ-мен міндетті түрде екпе алу және 6-7 жаста қайта вакцинациялау.
2. Ересектер мен 15 жастан бастап жасөспірімдерге жыл сайын флюораграфиялық тексеруден өту;
3. Балаларға арналған Манту сынамасын жыл сайын қою;
4. Салауатты өмір салтын сақтау (мысалы шылым шекпеу, алкогольге әуес болмау, т.б.),
5. Күн тәртібін дұрыс құру және ағзаны шынықтыру.6. Таза ауада серуендеу, демалыс пен еңбек жүктемесін дұрыс үйлесімді, толыққанды қалыптастыру, дәрумендерге бай тамақтану, жеткілікті және уақытыла ұйқы.
7. Үй-жайларды үнемі ылғалды жинау, желдету;
8. Туберкулезді уақытылы диагностикалау және толық емдеу курсын аяқтау.
Г.М.Төлепбергенова,
Қармақшы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының басшысы 
12 желтоқсан 2024 ж. 68 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 017

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031