» » Туберкулез – жазылатын дерт

Туберкулез – жазылатын дерт

qarmaqshy-tany.kz ЕМІ ТАБЫЛҒАНША ТАЛАЙ АДАМНЫҢ ТҮБІНЕ ЖЕТКЕН АУРУ – ТУБЕРКУЛЕЗ МИКОБАКТЕРИЯСЫ АДАМ АҒЗАСЫНА ТҮСКЕННЕН ПАЙДА БОЛАТЫНЫ БЕЛГІЛІ. БҰЛ – ЖҰҚПАЛЫ ЖӘНЕ ӨТЕ ҚАУІПТІ КЕСЕЛ. БАСҚА ИНФЕКЦИЯЛАРҒА ҚАРАҒАНДА ОЛ СОЗЫЛМАЛЫ БОЛҒАНДЫҚТАН, САҚТАНДЫРУ ШАРАЛАРЫ ЖОЛҒА ҚОЙЫЛМАСА, ЖҰҚТЫРҒАН АДАМДАР САНЫ БІРТІНДЕП КӨБЕЙЕ БЕРЕДІ. СЫРҚАТТЫЛЫҚ БЕЛГІЛЕРІ БІРДЕН ПАЙДА БОЛМАЙДЫ. ЖҰҚҚАННАН БАСТАП, АУРУ БЕЛГІЛЕРІНЕ ДЕЙІН БІРНЕШЕ АЙ, ЖЫЛҒА СОЗЫЛУЫ МҮМКІН.

Туберкулез қоздырғышын 1882 жылы неміс ғалымы Роберт Кох ашқанын еске сала кету керек. Негізгі таратушы – туберкулезбен ауырған адам, оның қақырығы. Одан бөлек осы аурумен ауыратын жануар, әсіресе ірі қара малдар. Туберкулез ауа тамшылары арқылы жұғады. Қатты сөйлегенде, түшкіргенде, жөтелгенде бірнеше кішкентай бөлшектері ауаға бөлінеді, ол жылына 10-15 адамды жұқтыруы мүмкін. Шаңмен бірге туберкулез микобактериясы өкпеге түсіп, сау адам ауырып қалуы мүмкін. Алиментарлы жолмен: көбінесе туберкулезбен ірі қара малдар ауырады. Адамға ауру малдың сүтінен жұғады. Шошқа, ит, тауық, қой және жылқы сирек ауырады.
Қауіпті дерт барлық адамға жұға бермейді, тек негізінен ішінде иммунитеті төмендеген, әлсіз адамдардың ауырып қалу қаупі жоғары. Қазіргі таңда бұл кеселдің алдын алу шараларын сақтаған дұрыс. Туберкулез таяқшасы, әсiресе, өкпе туберкулезiнiң жұқпалы (ашық) түрiмен ауырған адамның қақырығында көп болады. Алайда, аурудың жабық түрiмен ауыратын науқас фтизиатр дәрiгердiң бақылауында болуы керек. Өйткенi ол сәл ауырып, көңiл күйi нашарласа, тәннiң инфекцияға қарсыласуы әлсiреп, туберкулездiң белең алуы ықтимал. Туберкулездің белгілері салмақ тастау, тершеңдік, кеуде қуысындағы ауыру сезімі, қан түкіру, жалпы әлсіздік және тез шаршау, ұзақ уақыт бойы дене қызуының көтерілуі. Ал туберкулез енді басталып келе жатқанда адамда ешқандай шағым болмайды, дерт флюорография арқылы анықталады. Сондықтан аурудың алдын алу үшін, жылына бір рет флюорографиядан өтіп тұру қажет.
Туберкулез ауруының белгілері байқалған жағдайда дереу жақын маңдағы емханаға немесе аурухана дәрігерлеріне қаралып, қақырық анализін, туберкулез таяқшаларын анықтау сараптамаларын жүргізу және өкпесіне рентген жасау қажет. Қажетті фтизиатр мамандардың кеңесін алып, диагноз дәлелденсе, қажетті схемалар бойынша емделіп, ал қауіпті дертке күмән болса, диспансерлік «О» топта қаралып, тексерілуден кейін, ол адамға қажетті қорытынды берілуі тиіс. Сырқат адам әрқашан дәрiгердiң барлық ұсынысын бұлжытпай орындап, емделу керек. Белгіленген емді және дәрі-дәрмектерді уақытылы қабылдаған науқастар туберкулез дертінен тез арада айығып кетеді.
Қазіргі кезеңде мемлекеттік бағдарламаны орындауда туберкулездің алдын алу, анықтау және емдеу шаралары жолға қойылған. Мемлекетімізде туберкулезге қарсы қолға алынған жұмыстар нәтижелі деуге болады. Эпидемиялық жағдай тұрақталған. Соңғы жылдары азаматтар арасында дерттен болатын өлім-жітім көрсеткіштері төмендеді. Туберкулезді тежеп, асқындырмай анықтау үшін оған күмән туғызған адамдарды жедел әдіспен (G-Xpert) тексеруді қамтамасыз ету, қауіпқатер тобындағыларды флюорогрфиядан өткізу, жұқпалы науқастарды және олармен қарымқатынаста болған балаларын толық оқшауландыру, санаториялық жағдайда ауырып жазылған науқастарды оңалту, туберкулез инфекциясының резервуарын азайту үшін созылмалы науқастарға инфекциялық бақылауды сақтай отырып, хоспис құру жұмыстарын жалғастыру керек, әрі бұл жұмыстар жүйелі жүргізіліп келеді.
Туберкулездің емі ақысыз жүргізіледі. Ең бастысы ол – жазылатын ауру. Сіздің және отбасыңыздың денсаулығы өздеріңіздің қолыңызда!
Сапия ЖАЙБЕРГЕН,
Байқоңыр көпбейінді ауруханасының фтизиатр-дәрігері
02 сәуір 2023 ж. 484 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 168

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 144

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 295

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930