» » Туберкулезді қайтсек алдын-аламыз?

Туберкулезді қайтсек алдын-аламыз?

Туберкулез-әртүрлі ағзаларды зақымдайтын, көбіне  өкпеде  орнығып, ағзаның  улануымен,  клиникалық көрінулер  полиморфизімімен  сипатталатын, толқын  тәрізді  созылмалы дерт.  Тырнақтармен  шаштың басқа да  адам  ағзасының органдарын,  ұлпаларын зақымдап  туберкулездің өкпеден  тыс  түрлерінің дамуы  мүмкін. Жұқтырудың  негізгі көзі -  туберкулездің  ашық түрімен  ауыратын  науқас, оның  қақырығымен  туберкулез таяқшалары  бөлінеді.  Туберкулездіңашық  түрімен  ауыратын науқас  емделмесе,  жылына 10-15 адамға  туберкулездертін  жұқтыруы  мүмкін, алайда  инфекция  жұқтырудың бәрі  бірдей,  туберкулезбен ауырмайды.  Атап  айтқанда иммундық  жүйе  нашарласа адамның  туберкулезбен  ауруы ықтималдығы  жоғарлайды. Туберкулез  бактериалды  сыртқы ортада  үлкен  төзімділікпен ерекшеленеді. Көше  шанында 10-күнге  дейін, кітап  парақтарында 3-айға  дейін, науқас  киімінде  3-4айға  дейін,  алқарда  өте  ұзақ уақыт  өміршеңдігі  сақталады. Ауру көзі – туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын адамдар. Жұқтыру қаупі, әсіресе, тиісті желдетілмейтін және адамдар көп шоғырланған жерлерде аса жоғары. Туберкулез ағзаның иммундық күштерінің әлсіреуінен туындауы мүмкін (жеткіліксіз тамақтану, ауыр жұмыс, үсу, стресстік жағдайлар). Зиянды әдеттер (шылым шегу, ішімдік ішу, есірткі қолдану) туберкулездің тез дамуына ықпал етеді. Туберкулездің негізгі белгілері: жөтел, кеуденің ауруы, әлсіреу, салмақ түсіру, дене қызуының көтерілуі, жөтел, әсіресе түнде терлеу. Осы белгілерді есте сақтаңыз, оларды біліп жүріңіз – өзіңізді және өз туысқандарыңызды қорғап қалыңыз - өзіңіз қаралыңыз немесе туысқаныңызды емханаға жүгінуге жіберіңіз. Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының ішінде туберкулездің алдын алу шаралары жайлы сөз қозғалған. Сондай-ақ қазіргі таңда туберкулезге қатысты қаралу тегін жүргізіледі. Міндетті тексерілер: бактериологиялық, рентгенологиялық. Уақытылы қойылған диагноз тиімді емнің жүргізілуіне себепкер болады.
Туберкулезге шалдыққа  кезде  бұл маңызды  дерттің  және оның  ауыр  өтуіне ықпал  ететін  бірқатар факторлар  бар:
1. Әлеуметтік  тұрмыстық ортаның  төмен  болу
2. Құнарлы  тамақтанбау
3. Психологиялық  күйзелістер және қосарлана  дамыған дерттер.  Туберкулез ағзаның иммундық күштерінің әлсіреуінен туындауы мүмкін (жеткіліксіз тамақтану, ауыр жұмыс, үсу, стресстік жағдайлар). Зиянды әдеттер (шылым шегу, ішімдік ішу, есірткі қолдану) туберкулездің тез дамуына ықпал етеді. Туберкулез ауруын  болдырмау, алдын-алу шаралары  үшін, құнарлы  тамақтану, БЦЖ вакцинасын және ревакцинацияны уақытылы алу, дене белсендігі, зиянды әрекеттерден бас тарту,  салауатты өмір  салтын  қалыптастырып,  жыл сайын флюрографиялық  тексеруден  өтіп,  өз денсаулығыңызға   мән бергеніңіз  абзал. Туберкулез – бұл тек қана медициналық емес сонымен қатар қоғамдық проблема. Сондықтан туберкулездің өсуін, өзінің күнделікті өмірінде туберкулез  туралы  білімін  қолданатын  кез  келген  адам  тоқтата  алады.

Қармақшы  аудандық қоғамдық  денсаулық  сақтау
басқармасының  бас  маманы  Сауле Саймбетова
29 наурыз 2019 ж. 1 013 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 024

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031