» » Туберкулез белгілері қалай байқалады?

Туберкулез белгілері қалай байқалады?

Туберкулез-әлемдегі ең көп таралған инфекциялардың бірі. Қазіргі таңда жалпы әлем халқының төрттен бірінде жасырын латентті туберкулез бар. Бұл деген адамдардың туберкулез бактерияларын жұқтырған, бірақ әлі ауруы дамымаған, кез келген уақытта адам қорғаныс күші төмендегенде ауырып қалуы мүмкін деген сөз. Қармақшы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына, бүгінгі күнге дейін аудан бойынша туберкулез ауруымен 21 науқас есепке алынған болатын. Тыныс алу мүшелері туберкулезі 19 жағдай. Оның ішінде бактерия бөлуімен, яғни БК+ пен ауырғандар 14 жағдай. 2022 жылмен салыстырғандағы көрсеткіш 3 жағдайға өсіп отыр.
Туберкулез - қабынбалы өкпе мен бронхты зақымдайтын, лимфа түйіндерінде де пайда болатын жұқпалы ауру.
Туберкулездің белгілері
• жөтелу және қақырықтың бөлінуімен жөтелу, кейде қанмен;
• ұзақ уақыт бойы 37-37,5 градусқа дейін дене қызуының жоғарлауы;
• тез шаршау және әлсіздіктің пайда болуы;
• тәбеттің болмауы немесе азаюы, салмақ түсіру;
• көп терлеу, әсіресе түнде;
• денеге кішкене жүк түсірген кезде ентіге бастау.

Үш аптаның ішінде жоғарыда аталғандардың біреуі сақталған кезде бірден терапевт немесе фтизиатр дәрігерге шұғыл бару керек.Туберкулезді ерте анықтау және дұрыс емдеу кезінде жұқтырған адамдар бактерия таратуды тоқтатады және емделуі мүмкін.
Халық үшін негізгі қауіп өкпе туберкулезі, өйткені ауруды тарату жолы –ауа-тамшы арқылы. Дені сау адам туберкулезбен ауыратын науқас жөтелгенде, түшкіргенде және онымен сөйлескен кезде жұқтырады Туберкулезбен адамдар ғана емес, жануарлар да сиыр, ешкі,бұлан,бұғы,түйе т.б ауырады.Ауру малдың сүті мен еті адам үшін ауру жұқтырудың көзі болып табылады.Сондықтан қора-жайдағы малдарыңызды ветеринар дәрігер кеңесімен жыл сайын туберкулезге тексерту керек екенін білгеніңіз жөн.
Аурудың алдын алудың ең тиімді әдісі-вакциация. Жаңа туылған нәрестелерге перзентханадан шықпай тұрып, туберкулезге қарсы екпе егіледі. Егілетін баланың ата-анасы немесе заңды қамқоршысы ерікті түрде жазбаша берген келісімімен, арнайы оқып-дайындалған және рұқсаты бар медицина қызметкері екпе егеді. Перзентханада егілген туберкулезге қарсы екпе адамды ұзақ уақыт бойы осы аурудан қорғайды. Бала 6 жаста Манту сынамасының теріс нәтижесімен қайта егіледі. (Манту сынамасы ).Манту –вакцина емес,ол адамның туберкулез ауруын жұқтырған-жұқтырмағанын анықтау тәсілі ғана. Сондықтан одан қорқудың қажеті жоқ. Жалпы ,бұл балаларға қолданылатын әдіс.Ал, ересектер жыл сайын (кеуде қуысын)флюорографиялық тексеруден өтіп тұруы тиіс.

Туберкулез –барлық қоғамның өзекті мәселесі.Ең бастысы –туберкулез жазылатын ауру және оның алдын алуға болады. Жұқтырған күннің өзінде дер кезінде дұрыс емделсе адамның құлан –таза айығып кетуге мүмкіндігі бар. Ол үшін медицина қызметкерлері ғана емес, әр адам өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, өз-өзін күтуі қажет.
Гульфараз Жумабекова,
Қармақшы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасы эпид қадағалау бөлімінің
жетекші маманы 
24 шілде 2023 ж. 726 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 019

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031