Туберкулез дегеніміз не?
Фото
Туберкулез - бұл өкпе және лимфа түйіндерде ерекше қабыну өзгерістерінің пайда болуымен сипатталатын жұқпалы ауру. Туберкулез - бұл тек өкпе ауруы ғана емес, сонымен қатар адамның барлық ағзаларының - сүйектердің, бүйректердің, мидың және ми қабықтарының, терінің, көздің және басқа ағзалардың да зақымдайды. Алайда өкпе туберкулезі жиі кездеседі.
Жұқтырудың негізгі көзі - туберкулездің ашық түрімен ауыратын, яғни сыртқы ортаға микобактерияны бөлетін адам.
Туберкулез қалайша тарайды?
Туберкулез адамнан адамға ауамен таралады. Жөтелгенде, түшкіргенде немесе қақырғанда өкпе туберкулезі бар адамдар ауаға туберкулез бактерияларын жаяды. Жұқтыру үшін адамға осындай бактериялардың аз ғана мөлшерін дем алуы жеткілікті. Туберкулез қоздырғышы сыртқы ортада ұзақ уақыт сақталады. Туберкулез ауруына тек адамдар ғана емес, сонымен қатар малдар да шалдығады: сиыр, ешкі, бұғы, түйелер. Ауру жануардың сүті, немесе еті адам үшін жұқтыру көзі болуы мүмкін.
Науқас өмір сүретін жерде санитариялық жағдайлар мен сақтық шараларын сақтау өте маңызды.
Туберкулез ауруына ықпал ететін факторлар
1. Толыққанды тамақтанудың болмауы.
2. Туберкулезбен ауыратындармен тығыз, ұзақ қарым-қатынас жасау (кішкентай балаларға қысқа мерзімді қарым-қатынастың өзі жеткілікті).
3. Маскүнемдік.
4. Темекі шегу.
5. Нашақорлық.
6. Ілеспе аурулардың болуы (диабет, асқазан жарасы, өкпенің созылмалы аурулары).
Туберкулез белгілері?
1. Ұзақтығы екі аптадан асатын жөтел
2. Шаршау және әлсіздік
3. Дене салмағының төмендеуі
4. Температураның ұзақ көтерілуі
5. Түнде тершеңдік
6. Кеуде қуысындағы ауырсыну
7. Қан түкіру
Туберкулездің алдын алу шаралары
1. Салауатты өмір салты. Бұл мақсатқа жету үшін ең жақсы жолы - күн тәртібін құру және ағзаны шынықтыру.
2. Таза ауада серуендеу, күн және су процедуралары, дене шынықтырумен айналысу, демалыс пен еңбек жүктемесінің дұрыс үйлесімі, толыққанды, дәрумендерге бай тамақтану, жеткілікті және уақтылы ұйқы, яғни дұрыс гигиеналық тәртіп адам ағзасының нығаюына ықпал етеді және оны туберкулез ауруынан қорғайды.
3. Жыл мезгіліне қарамастан, таза ауада мүмкіндігінше көбірек болу қажет, өйткені таза ауа ағзаға жақсы әсер етеді және шынығудың тамаша жолы болып табылады.
4. Жеке гигиена ережелерін сақтау: жуу құралдарын және ағынды суды пайдалана отырып, қолды, ыдыстарды жуу, тұрғын үй-жайларды ылғалды жинау және желдету, ет пен сүтті міндетті термалық өңдеу, жеке гигиеналық құралдар мен ыдыстарды пайдалану, су процедуралары — сүртіну, құю, душ.
5. Жөтел этикетін сақтау
6. Гигиеналық тәртіптің маңызды бөлімі дұрыс тамақтану болып табылады. Адам тәбетінің жоғарылауына ықпал ететін және ағзамен жақсы сіңіретін түрлі тағамдарды жеу керек. Тағам құрамына ақуыздар, майлар мен көмірсулардан басқа, міндетті түрде витаминдер мен минералды тұздар кіруі тиіс. Ақуыздар ет, сүт, сүзбе, жұмыртқада болады; көмірсулар - қант, нан, картоп, жарма. Витаминдер мен минералды тұздар негізінен жаңа піскен көкөністер мен жемістерде болады.
7. Туған кезде БЦЖ-мен міндетті түрде вакцинациялау және 6-7 жаста қайта вакцинациялау.
8. Туберкулезді дер кезінде диагностикалау.
Айжан Махамбетова
ҚР ДСМ СЭБК «ҰСО» ШЖҚ РМК Қызылорда облысы бойынша филиалы
Қармақшы аудандық бөлімшесінің залалсыздандыру бөлімінің нұсқаушы дезинфекторы